«Сөнбес сөздің иесі» — Бәкір Тәжібаев рухына тағзым

Көрнекті ақын, драматург Бәкір Тәжібаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Сөнбес сөздің иесі» атты еске алу кеші өтті. Тағылымды шара қазақ әдебиеті мен руханиятына өлшеусіз үлес қосқан қаламгердің шығармашылық мұрасын насихаттауға арналды.

Кеш «Ауыл» партиясы мүшесі, орталық аппарат кеңесшісі Әлішер Нұрабдолдановтің арнау сөзімен ашылды. Іс-шара барысында ақынның әдебиет пен драматургия саласындағы еңбектері кеңінен сөз болып, оның қазақ мәдениеті мен руханиятындағы ерекше орны атап өтілді.

Еске алу кешіне белгілі ақын-жазушылар мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Атап айтқанда, ақын, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Бауыржан Жақып, ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Әділғазы Қайырбеков және өзге де қаламгерлер сөз сөйлеп, Бәкір Тәжібаевтың шығармашылық мұрасына жоғары баға берді.

Сонымен қатар, «Ауыл» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Ахметбек Қоңырбаев сөз сөйлеп, Бәкір Тәжібаевтың ауылдан шыққан, қазақ халқының мұңы мен қуанышын, ұлттық рухын жырына арқау еткен нағыз халық ақыны екенін атап өтті. Сондай-ақ, ақын мұрасын сақтау және оны жас ұрпаққа насихаттау – ортақ міндет екеніне тоқталды.

Кеш соңында Бәкір Тәжібаевтың «Есіңе ал» атты өлеңдер жинағының тұсаукесері өтіп, ақынның таңдаулы шығармаларын танымал әншілер орындады. Тағылымды шара көрермен қауымға ерекше рухани әсер сыйлап, қазақ әдебиетінің көрнекті өкіліне көрсетілген зор құрметтің айқын көрінісіне айналды.

Ахметбек ҚОҢЫРБАЕВ, Алматы қаласы «Ауыл» партиясы Алматы қаласы филиалының төрағасы

«Ауыл нақыштары» – ұлттық рухты ұлықтаған тағылымды фотокөрме

«Ауыл» партиясы Алматы қалалық филиалының ұйымдастыруымен Темірбек Жүргенов атындағы...

Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру – басты міндет

2021 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік...

Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясында қазақ тілі – мемлекеттік тіл ретінде...

РАЗДЕЛ СУДЕБНАЯ ВЛАСТЬ

К 5-летию административной юстиции ​Наступивший 2026 год для казахстанского правосудия...

ХИТУ колледжінде өткен «Колледж күні» кәсіби бағдар алаңына айналды

2026 жылдың 20 мамырында Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің колледжінде «Колледж...