Рыбакина федерациядан берілетін сыйақыдан бас тартты

Елена Рыбакинаға мемлекет тарапынан Уимблдондағы жеңісі үшін сыйақы қарастырылмаған, ал Рыбакинаның өзі Қазақстан теннис федерациясынан берілетін сыйлықақыдан бас тартқан, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Елена Рыбакинаның Уимблдон-2022 финалындағы жеңісі үшін мемлекеттен неге төлем алмайтынын түсіндірді.

«Халықаралық жарыстардың чемпиондарына, жүлдегерлеріне, сондай-ақ жаттықтырушыларға ақшалай көтермелеу Үкіметтің 2007 жылғы 28 наурыздағы № 152 қаулысының негізінде жүзеге асырылады. Уимблдон турнирі коммерциялық болғандықтан, республикалық бюджеттен ақшалай төлемдер қарастырылмаған», — деп түсіндірді комитет өкілдері.

Елена Рыбакинаның өзі Қазақстан теннис федерациясынан берілетін сыйлықақыдан бас тартқан.

«Біз Еленаға қаржылай көмек бергіміз келген, алайда бас тартты. Одан бөлек, ол жүлде үлесін қайырымдылық пен юниорларды қолдауға жұмсағысы келеді», — дейді ҚТФ вице-президенті Юрий Польский «Матч ТВ-ге» берген сұхбатында. 

Еске салайық, қазақстандық Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирінде  тарихи жеңіске жеткен болатын.

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...