Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің № 68 мемлекеттік мекемесінде қапаста қамалып отырғандар арасында өлең жазатын сотталғандарда бар.
Соның бірі Ш есімді азамат. Ол Шиелінің ауданының тумасы. ҚР ҚК- нің 181- бабы (мал ұрлау, яғни бөтеннің малын жасырын жымқыру) бойынша 5 жылға бас бостандығынан айрылған.
Төрт баланың әкесі. Сотталғанға дейін тұрақты жұмысы болмаған. Бүгінде мекеменің шаруашылық бөлімінде жұмыс жасайды. Мен бұл қылмысқа жұмысым болмағандықтан отбасыма қаражат тапсам деп, лажсыздан бардым.
Ұрлық түбі- қорлық деген, бүгін енді міне, соның жазасын тартып, осында отырмын.
Мұнда тапқан еңбек ақымның бір бөлігі әйелімнің есебіне түсіп тұрады.
Төрт баланы асырап- бағу оған оңай емес. Жұмыстан бос кезде өзім туралы, өмір туралы көп ойланамын.
Жасаған қылмысыма өкінемін. Өкініш өзегімді өртейді. Сондай сәттерде іштегі мұң-шерімді өлең етіп жазып жүремін- дейді 33 жастағы жазасын өтеуші азамат.
Өз -өзіме қоятын сауалым көп
Бірақ оған ешқандай жауабым жоқ
Жауап іздеп таудан астым, теңіз астым
Шаршадым енді оған қауқарым жоқ.
Әр сұрақтың жолымен бір іс көрдім
Ақыл берген адамды теріс көрдім
Дұрыс айтқан адамға құлақ аспай
Өз ісімді өзімше дұрыс көрдім
Енді өкінем өмірімнің өткеніне
Пайдасыз сансыз іске кеткеніне
Кейде бірақ асығамда шүкір етем
Санама саналы ой жеткеніне.
Не тапсаңда ақылмен шеш адал іспен
Наны тәтті адалдың арам істен
Өзімшілдік орнына ақылды қос
Шешілмейді ешбір ісің қара күшпен