«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУҒА ҚҰҚЫҒЫ БАР АЗАМАТТАРДЫҢ ТІЗІМІНЕ ЕНГІЗІЛГЕНІН ТЕКСЕРУ ТУРАЛЫ»

2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумда дауыс беру күніне 18 жасқа толған Қазақстан Республикасы азаматының қатысуға құқықтық негізі бар.

Тізімдерді әкімдіктер нақтылы дауыс беру учаскесіндегі тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша тұрақты тіркелуіңіздің негізінде жасайды. Егер тұрақты тіркелуіңіз болмаса, Cіз референдум тағайындалған сәттен бастап тиісті жергілікті атқарушы органда дауыс беруші ретінде тіркеле аласыз.

Дауыс беру учаскелері тиісті әкімдердің шешімдерімен құрылады және олардың шекаралары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

2024 жылғы 20 қыркүйектен бастап өз учаскеңізде Сіз республикалық референдумға қатысуға құқылы азаматтардың тізімінен өзіңіз туралы деректерді тексере аласыз.

Қандай да бір өзгерістер енгізу қажет болса, дереу учаскелік референдум комиссиясына өтінішпен жүгінуге болады.

Егер азамат өзінің болатын жерін өзгертсе, 2024 жылғы 20 қыркүйектен бастап 5 қазан күнгі сағат 18.00-ге дейін учаскелік комиссияға өтініштің негізінде есептен шығару куәлігін алуға құқылы.

Есептен шығару куәлігін сенімхат негізінде алуға рұқсат етіледі. Бұл ретте сенімхатты нотариаттық куәландыру қажет емес. Есептен шығару куәлігін ұсынған кезде референдумның учаскелік комиссиясы дауыс беру күні азаматты оның болатын жері бойынша сайлау учаскесіндегі тізімге енгізеді.

Бір елді мекеннің шегіндегі  басқа учаскеде дауыс бергісі келетін азаматтарға есептен шығару куәлігі берілмейді.

Әркімнің дауысы маңызды!

Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...