Республикалық IT Quest квесті іске қосылады

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Қазақстанда технологиялар, ЖИ мен стартаптарға арналған республикалық IT Quest интерактивті онлайн-квесті басталады. Қатысушылар қызықты тапсырмалар топтамасынан өтіп, цифрлық әлем бойынша білімдерін сынап, Astana Hub мобильді қосымшасында бағалы сыйлықтар үшін бақ сынайтын болады.

IT Quest білім беру мен ойын форматын біріктіреді. Қатысушыларды технологиялар, жасанды интеллект, стартаптар және Astana Hub экожүйесі бойынша сұрақтар, сондай-ақ цифрлық жұмбақтар, шифрларды шешу, бағдарламалық қателерді анықтау және зейінді талап ететін тапсырмалар күтіп тұр.

Квест екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең 2–30 маусым аралығында өтеді. Мұнда қатысушылар IT, AI, стартаптар, білім беру бағдарламалары және Astana Hub экожүйесі тақырыптары бойынша викторина сұрақтарына жауап беріп, логикалық және аналитикалық ойлауға арналған тапсырмаларды орындайды. Екінші кезең 1–15 шілде аралығында өтеді. Ойыншылар бейнероликті мұқият қарап, оның мазмұны мен құрылымына қатысты сұрақтарға жауап береді.

Тапсырмаларды сәтті орындаған пайдаланушылар Social Coins және XP жинап, қатысушылардың жалпы рейтингінде жоғарылай алады. Ең көп XP жинаған қатысушылар жеңімпаз деп анықталады. Егер бірнеше қатысушының нәтижесі бірдей болса, квесті ертерек аяқтаған қатысушыға басымдық беріледі.

Бақ сынап, жарысқа түсу үшін Astana Hub мобильді қосымшасын iOS немесе Android платформаларында жүктеп алып, IT Quest-ке тіркелу қажет. Бір қатысушы тек бір аккаунтты пайдалана алады. Бірнеше аккаунт ашуға жол берілмейді. Барлық тапсырма дербес, яғни жеке-дара орындалуы тиіс. Қатысушыларға дайындалу үшін оқу материалдары ұсынылады.

IT Quest – Astana Hub жүзеге асырып келе жатқан технологиялар мен жасанды интеллектті кеңінен насихаттауға бағытталған білім беру бастамаларының бірі. Бұған дейін инновациялық кластер Қазақстанның барлық өңірлерінің тұрғындарына арналған ауқымды тақырыптық квесттер өткізді. Оларға шамамен 6 мың адам қатысып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтарға ие болды. Жаңа лек жарқын бастаманы жалғастырып, технологиялар мен жасанды интеллект туралы білімді қызықты әрі интерактивті форматта толықтыруға мүмкіндік береді.

Квесттің толық шарттары, қатысушыларға қойылатын талаптар және жеңімпаздарды анықтау тәртібімен Astana Hub мобильді қосымшасында танысуға болады.

Строительство Almaty SuperSki набирает темпы, запуск курорта намечен на декабрь 2028 года

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по индексу...

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында экскурсия ұйымдастырылды

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесіне...

Строительство кластера Almaty SuperSki находится в активной фазе

Премьер-министр РК Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров компании...

Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Kazakh Tourism Development Ltd. компаниясы...

Пример беззаветного служения науке, закону и родной стране

Жизненный и профессиональный путь Еркеша Калиевича Нурпеисова, видного ученого-правоведа,...