Республикалық ақпараттық түсіндірме топ мүшесі сотталғандармен кездесу өткізді

Бүгін Қызылорда облыстық Дін істері басқармасы мен Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ұйымдастыруымен Республикалық ақпараттық түсіндірме тобының мүшесі, «Нұр-Мүбарак» университетінің оқытушысы, теолог Ризабек Батталұлы Ілімбаев және «Асыл мұра – Орда» қоғамдық қорының жетекшісі №37 мекемесінде сотталған азаматтармен кездесу өткізді.

Аталған іс-шараның басты мақсаты — сотталғандар арасында радикалды діни идеологиялардың таралуының алдын алу және олардың діни сауаттылығын арттыру.

Кездесу барысында теолог Ризабек Ілімбаев «Сабырлық» тақырыбында мазмұнды баяндама жасап, сабырдың Ислам дініндегі орны мен маңыздылығына кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, сотталған азаматтардың сұранысы бойынша «Иман» тақырыбы қозғалып, Имам Әбу Ханифа мазхабындағы Мәтуриди сенімі негізінде иманның шарттары түсіндірілді. Қазіргі таңда кейбір деструктивті діни ағым өкілдері арасында кең тараған қате түсініктерге де нақты дәлелдермен тоқталып, түсіндірме берілді.

Сөз соңында теолог адамгершілік құндылықтар – шыншылдық, әділеттілік және адалдық жайында айтып, «адамды алдауға болмайды», «жердің дөңгелек екені ғылыми әрі діни тұрғыдан дәлелденген», «адаммен адам түбі кездеседі» деген тағылымды ойлармен ой түйіндеді.

Кездесу барысында сотталған азаматтар тарапынан түрлі сауалдар қойылып, теолог мамандар тарапынан тұшымды әрі жан-жақты жауаптар берілді.

«Бүгінгі кездесуден көп мәлімет алдым. Ислам діні, жамандықтан аулақ болу, адамды алдамау жайлы айтқаны маған ой салды», – деп сотталған өз әсерімен бөлісті.

Бұл кездесу сотталған азаматтардың діни танымын дұрыс бағытқа бұруға және рухани құндылықтарды бойларына сіңіруге бағытталған тәрбиелік мәні зор шара болды.

«ЕРКІН СӨЗ – 2026» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

✍️ Түркітілдес журналистер қоры мен Halyk Bank серіктестігінде ұйымдастырылатын...

Выборы в маслихаты – Президент провел консультации с Премьер-Министром и Председателем Курултая

🔹Глава государства провел консультации c Премьер-министром и Председателем Курултая...

Тілге деген құрмет өзімізден басталады

      Әр азамат өз ана тілін құрметтеуге тиісті. Ана...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ЕЛ БІРЛІГІНІҢ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСТЫҢ НЕГІЗІ

Тіл – ұлттың рухани қазынасы, халықтың тарихи жады мен мәдениетінің айнасы. Әрбір халықтың болмысын, дүниетанымын, салт-дәстүрін,...

МЕДИАЦИЯ – ДАУДЫ БЕЙБІТ ЖОЛМЕН ШЕШУДІҢ ТИІМДІ ТЕТІГІ

Қазіргі қоғамда адамдар арасындағы түрлі қарым-қатынастардың күрделенуі кей жағдайда дау-дамайлар мен жанжалдардың туындауына алып келеді. Азаматтық, отбасылық, еңбек және өзге де құқықтық қатынастар барысында тараптардың арасында түсініспеушіліктер орын алуы мүмкін....