spot_img
spot_img

Республика күніне орай «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Өркениетке ұмтылған қоғам»  атты ашық форматта кездесу өтті

25 қазан Республика күніне орай «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Өркениетке ұмтылған қоғам»  атты тақырыбындағы ашық форматта кездесу Алматы қаласы, Алмалы ауданы,  №15 мектеп-гимназиясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық Университетінің профессор — оқытушылары мен ата-аналары және 8 сынып оқушыларының  қатысуымен өтті.

Ашық форматтағы кездесу барысындаӘл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық Университетінің Философия және саясаттану факультеті «Педагогика және білім беру менеджменті» кафедрасының профессор оқытушылары педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Дүйсенбаев Абай Қабақбайұлы, педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Байдалиев Дархан Даулетжанұлы және PhD доктор аға оқытушы Қырғызхан Гүлбаршын Азисқызы ашық форматта сұрақтарға жауаптарын ұсынды.  Республика күніне орай ұйымдастырылған іс-шарада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі алғашқы жылдардағы басты қиындықтар мен жетістіктер,  қазіргі таңда Қазақстанның егемендігі мен тұрақтылығын нығайту үшін қандай қадамдар жасалып жатыр секілді сұрақтар қойылды. Жақсы пікір алмасу, оймен бөлісу кездесуі болды. Әрбір тыңдаған адам, іс-шараға қатысқан адам тәуелсіздігіміздің оңай жолмен келмегендігін және тұңғыш президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың атқарған ісінің қаншалықты ауқымды болғандығын білді деген ойда қалдым. Аталған іс-шарада оқушылар мен ата-аналар белсенділігін танытып отырды.

Нәтижесі:

Қорыта келе, ұлылар аңсаған ұлы күн 1990 жылы қазан айының 25-і күні Қазақстанның егемендік  декларациясы болып қабылданды. Бұл күннің біздің елімізде тарихи маңызы зор күндердің бірі болып табылады. Республика күні  елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы. Сол тәуелсіздіктің негізгі принциптерінің бәрі осы декларацияда  тайға таңба басқандай жазылған. Мерекені жай бір қуаныш тұрғысынан емес,  әсіресе патриоттық-саяси тұрғыдан айтқанда біздің азаматтарымызды, соның ішінде өскелең ұрпақты отаншылдыққа, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа баулуда өзінің мән-мағынасы зор мереке болады деп ойлаймын.

Аталған іс-шараны ұйымдастырған мектеп басшылығына алғысымды білдіремін.

Қырғызхан Г.А., Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Философия және саясаттану факультеті

Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының  PhD доктор, аға оқытушысы

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам»...

Полицейлер дүкен кассасынан ақша ұрлығын тергеуде

Сайрам аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында бөтеннің...

Жалған хабарлама: полиция жарылғыш зат туралы хабарлаған кәмелетке толмаған баланы тапты

Түркістан облысында полицияға белгісіз адамнан қоңырау келіп түсті. Онда...

В Алматинской области врачи из Турции провели мастер-класс

В Алматинской региональной многопрофильной клинике прошел мастер-класс, во время...