spot_img
spot_img

Республика күніне орай №13 мекемеде арнайы жиын өтті

Ел тарихындағы айтулы күніміз Республика күніне орай 13 мекеме басшылығының қолдауымен, жаза өтеуші азаматтардың ат салысуымен, 2024 жылдың 24 қазанында Ұлы мерекеге арналған салтанатты кеш көрермен назарына ұсынылды. Ұлы мереке деп атауға негізі болып қалану себебі елдің егемендігін айқындайтын, тарихы тереңнен бастау алғандығын дәріптейтін, патриоттық рух сыйлайтын, ынтымақ — бірлікті арттыратын, дамыған мемлекет екендігін еске салатын тарихи күн. Сондықтан, Республика күні мерекесі еліміз үшін егемендіктің негізін қалаған ең ұлық мереке.

Мерекелік салтанатты кешіміз әрбір қазақтың жүрегіне таңба болып жазылған қасиетті әнұранымен басталды. Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департамент  бастығы әділет полковнигі Ерлан Ізтілеуұлы Ұзақов және мекеме бастығы әділет подполковнигі Бекзат Балтабайұлы Әкімбай ашылу салтанатын құттықтау сөздерімен бастап, жылы лебіздерін білдірді.

Тұла бойына талант енген азаматтар мен арулар қазақтың рухын көтеретін әндерді орындап, тарихты оятып, «Беу айдай», «Ауылым», «Ой жайлау», «Жаңа Қазақстан», «Арулар» секілді халық әндерін көпшілікке тарту етті. Нағыз қазақ емес, нағыз қазақ домбыра, — дегенді ескере отырып, қазақтың ұлттық аспабы домбырамен қазақтың жүрекке жылу тартқан «Әлқисса», «Көңіл толқыны» күйлері күмбірледі. Би өнерінің майталмандары тамыры тереңге жайылған ұлттық «Қамажай» биі және қазақтың мың бұралған «Аққу» биін орындап, көрермен көз айымына айналды.

Қазақ халқы батырлардың ұрпағы болған соң, білектеріне күш мінген азаматтар қол күрес сайысына қатысты. Және де қазақтың ұлттық ойыны арқан тарту сайысы мықтыларды айқындады. Мерекелік кеш өз мәресіне жетіп, көрерменнің көңілінен шығып, ұлттық әніміз бен күйімізді тыңдап, рухани күшке бой алдырды.

Мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталушы Н., Қазақстан халқының рухын көтеретін, өзінің шығармасынан жыр шумақтарын оқыды:

13 мекеме атап отыр, мереке!

Республика күніне,

Біз тілейміз береке!

Бабалардың арманы,

Ұрпағым деп, елді сақтап қалғаны,

Батаменен нәсіп етті бұл бір кез,

Шаттық мейрам орын алып жатқаны.

Кең байтақ қазағымның даласы,

Ар намысты әр қазақтың баласы.

Тектілігін тұла бойға сіңірген,

Батырлардың ұрпағы мен данасы.

Көк туым желбірейді аспанда

Шүкір етем әр бір қадам басқанға,

Қазақстан сен дамыған тұғырым!

Өркендей бер. үлгі болар басқаға.

Республика күнімен құттықтаймын баршаны,

Несібеге толсыншы Қазағымның әр таңы,

Береке мен бірлікке тола берсін уысың

Әр қазаққа тілерім орындалсын Арманы!

Даналықтан құралған «Бәрін айтта бірін айт», — демекші. Осы мерекелік кештің өтуіне қолқанат болған,  қазақтың рухани байлығын арттыратын әндерді,  билерді,  күйлерді орындауда,  дайындыққа барлық мүмкіншіліктерді жаратып, қолдау тапқан, тәрбие бөлімінің психологына және жасақ бастықтарына мың да бір алғысымызды білдіреміз.

Республика күні құтты болсын!

Традиции и обычаи нашей земли

Шымкент – это один из крупнейших и наиболее развитых...

Все для комфортной жизни

Открытие четырех новых домов культуры в жилых массивах Кайнарбулак,...

Сохранить общенациональное согласие

Наша страна является приверженцем мирной многовекторной стратегии, которая осуществляется...

Ориентир на интересы граждан

В нашей стране созданы и продолжают создаваться все необходимые...

Задача – вершить правосудие

Судья – юрист высшей квалификации, наделенный правом вершить правосудие....