Республика күні — ұлттық мереке күні

Алматы қаласы №11 мекемеде 25 қазан «Республика күні-ұлттық мереке күні!» аталып өтті. Сонымен қатар жазасын өтеуші жасөспірімдер арасында «Қазақстан туған өлкем!» атты патриоттық іс шара өтті.

Іс шараға Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасының іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Қозбекова Р.С. және кітапханашы қызметкелер қатысты.  Жазасын өтеуші жасөспірімдер арасында республика күніне арналған сурет салудан сайыс  өтті. Сайысты жазасын өтеуші жасөспірімдер өздерінің салған суреттерін қорғап, түсіндіріп берді. Сонымен қатар патриоттық өлеңдерді мәнерлеп жатқа оқыды. Іс шара соңында жеңімпаз жасөпірімдерді Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері  жақсы өнер көрсеткен жасөпірімдерге, кітаптар сыйға тарту етті.  Жалпы, түзеу мекемесіндегі бас бостандығынан айырылған өрендер біз жүрген сыртқы әлемге шықпайды, шығарылмайды. Сондықтан болар, басқа алаңдайтын, елітетін ештеңе жоқ, сабақтарына барады, кітапханаға бас сұғады, көркем шығармалар оқиды көпшілік іс шараға қатысады.

Іс шара соңында САӘПТЖБ бастығы әділет подполковнигі Бәзілбаева Алма Қойшыбаевна келген қонақтарға алғыс білдірді.

Іс-шараның соңы, кітапханашылар дайындаған  баяндама және кітап көрмесімен аяқталды.

                                                                                                №11 мекеме

                                                                                                Еркегүл  Жеңісхан

Проведено совещание по вопросам организации трудовой занятости осуждённых

В учреждении средней безопасности УИС по области Абай проведено...

В учреждении №20 Департамента уголовно-исполнительной системы по области Абай состоялась выставка книг

В учреждении №20 Департамента уголовно-исполнительной системы по области Абай...

Абай облысында жазасын өтеп шыққан сотталғандар отбасыларымен қайта қауышты

Абай облысында ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеген сотталғандар...