Республика күніне орай Жетісуда әлеуметтік маңызы бар бірнеше нысан ел игілігіне берілді

Республика күні қарсаңында Жетісу облысында әлеуметтік маңызы бар бірнеше нысан ашылды. Олардың қатарында медициналық пункттер, спорт алаңдары, халыққа мемлекеттік қызмет көрсететін цифрлық кеңсе де бар. Сол сияқты ауыл тұрғындарына көгілдір отын берілді, — деп хабарлайды Жетісу облысының баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, Көксу ауданында мереке қарсаңында игі жаңалықтар көп болды.

Мәселен, Жамбыл ауылында бір жарым айдың ішінде блокты-модульді панельдерден салынған жаңа медициналық пункт іске қосылды. Нысан толық жабдықталған, онда фельдшер мен акушерлер кабинеті, процедура және егу бөлмелері, фильтр, медициналық қалдықтарды жинақтап, сақтайтын орын бар.

Ал З. Тамшыбай ауылына көптен күткен газ жеткізілді. Енді көгілдір отынның игілігін мұндағы 400 отбасы көре алады. Оған қоса Теректі ауылының балалары үшін құны 22 млн теңгеден асатын спорттық ойын алаңы пайдалануға берілді.

Заманауи спорт нысаны Сарқан ауданы Сарқан қаласында да ашылды. Ақын Сара атындағы мектепте стадион салынды. Оған жергілікті бюджеттен 59 млн теңге бөлінді. Жыл соңына дейін Сарқан ауданында 4 футбол стадионы, 8 балалар ойын алаңы, 5 воркаут алаңы іске қосылады. Ауданда мереке қарсаңында ашылған нысанның бірі – күніне 100 адамға қызмет көрсететін «Цифрлық кеңсе» бөлімшесі.

Еске салсақ, Ақсу ауданында ұлттық мерекеге орай меценат өз есебінен ауыл тұрғындарына спорт кешенін салып берген болатын. «Ақсу» спорт кешенінде жаттығуға қажетті жабдықтардың бәрі бар. Нысанда бір мерзімде 180 адам жаттыға алады. Құрылыс жұмыстарының құны 350 млн теңгені құрады.

Жетісу облысының әкімінің баспасөз қызметі

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...