12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Республика күні қарсаңында «Мерейлі отбасы»
Ұлттық конкурсының лауреаттары марапатталды

«Қазақстан» орталық концерт залында «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.
Жыл сайын өткізу игі дәстүрге айналған үлгілі отбасылар байқауы – елімізде жанұя құндылықтарының рөлін арттырып, отбасы мен некенің оң имиджін дәріптейтін ауқымды да маңызды оқиғалардың бірі. 2014 жылдан бері байқауға 20 мыңнан астам отбасы қатысқан.


Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның төрағасы Аида Балаева салтанатты шараның ашылу барысында байқау жеңімпаздарына Мемлекет басшысының құттықтауын оқып берді.
«Жыл сайын өткізілетін байқау шаңырағы шаттыққа бөленіп, берекелі бірлік пен татулыққа ұйыған өнегелі отбасыларды күллі елге танытты. Мұндай үлгілі әулеттер елімізде өте көп.
Халқымыз қай заманда да отбасы дәстүрлерін берік ұстанып, қадірлей білген. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету –біздің қанымызға сіңген қасиет.
Әрбір азаматтың адамгершілік болмысының қалыпатсуына отбасындағы ахуал айрықша ықпал етеді. Әке-шешесінің ата-әженің тәрбиесін көріп, үлкендерден тағлым алып өскен бала есейгенде отаншыл, білімпаз, еңбекқор азаматқа айналады» — делінген құттықтауда.
Биыл байқауға 2542 отбасы қатысты. Олардың жартысынан астамы (63,4%) ауыл тұрғындары. Сондай-ақ, 1166 табысты көпбалалы және ерлі-зайыптының екеуі де 29 жасқа толмаған 501 жас отбасы қатысты.
Түрлі кәсіп пен еңбек әулеттерінің, спорт және шығармашылық жанұя өкілдерінен құралған 20 отбасы – өңір жеңімпаздары атанды. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы – үлкенге құрмет, кішіге ізет рухани-адамгершілік қағидасына негізделген және оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуді көздейтін отбасы құндылығын дәріптеп келеді.
Барлық отбасының әрбір мүшесі – ауылдастарының, қала тұрғындарының, әріптестерінің, көрші-қолаңның құрметіне бөленген, Отанына адал қызмет етіп жүрген еңбек адамы, ауылдың, қаланың қарапайым еңбеккерлері.
Марапаттау рәсіміне мемлекеттік органдардың өкілдері, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшелері қатысты.
Лауреат отбасылар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Марапаттау рәсімі қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен мерекелік концертпен жалғасты.

Мемлекеттік қызметшіге жүктелер жауапкершілік жоғары

Мемлекеттік қызмет туралы заңмен нақтыланғандай, мемлекеттік қызметке қабылдауда ел...

Ұлт мақтаныштарын топтастырған «300 қайраткер» энциклопедиясы

Желтоқсан айы жыл бойына жасалған істердің қортынды айы деуге...

ТӘЛІМГЕР ЖОЛЫ -ЖАС ПОЛИЦЕЙ ҮШІН ҮЛГІ-ӨНЕГЕ

Тәлімгер болу- үлкен жауапкершілікті талап етеді. Әсіресе, Ішкі істер...

ЖАСТАР ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ ТҰРУДА

Түркістан облысы Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жастар арасында...

25 декабря психологи отмечают свой профессиональный праздник

Именно 25 декабря 1879 года Вильгельм Вундт немецкий психолог...