12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ресми ортада қазақ тілінің қажеттілігі артуы тиіс

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бастап тіл мәселесі өзектілігін жоғалтақан емес. Осыған орай, елімізде тіл саласын дамыту мақсатында бірқатар шаралар жүзеге асырылып жатыр.

Конституцияға сәйкес Қазақстанда мемлекеттік тіл қазақ тілі болып бекітілген.Сондықтан, мемлекеттік тілге және оның мәртебесіне қойылатын талаптар мемлекеттік тілдің қолданылу моделінің негізгі өлшемдері болуы тиіс, яғни, қазақ тілін дәйекті түрде дамыту қажет.

Ана тілін меңгеру- оны сақтаудың ең басты шарты болғандықтан, қазақ халқының тілін меңгеру мен қолдану үшін жағдай жасауға міндеттейді.

Тіл саласына байланысты елімізде түрлі реформалар жүзеге асырылса да, тілдің мемлекеттік мәртебесіне толық көлемде жүзеге асыру мүмкін болмай отыр. Қазақ тілінің проблемалары олардың нақты мемлекеттік мәртебе алу қажеттілігімен ғана шектелмейді. Сонымен қатар, күнделікті өмірде, қоғамдық ортада оның қолданылуы аясын кеңейтуде.

Тіліміздің басты құндылықтарының бірі- ресми ортада қарым-қатынас жасауда еркін сөйлеуге мүмкіндік беруінде. Тіліміздің көп салалығы мен көркемдігі ақын жазушыларымыздың шығармаларында айрықша көрініс тауып, жоғары деңгейде суреттеледі. Әдеби туындыларымыздың арқасында біз тіліміздің осыншалық деңгейде көркем екендігіне көзіміз жетіп отыр. 

Ғасырлар бойы тіліміздің тағдыры үшін күрескен бабалар арманы орындалуға тиіс. Ол үшін әрбір азамат өз үлесін қосуы тиіс.

Ақтөбе облысының кәмелетке 

толмағандардың істері жөніндегі 

мамандандырылған ауданаралық

сотының бас маманы – 

сот отырысының хатшысы

Исаева А.

Министр иностранных дел Казахстана прибыл с рабочим визитом в Афганистан

По приглашению афганской стороны Заместитель Премьер-министра – Министр иностранных...

Қазақстан Сыртқы істер министрі Ауғанстанға жұмыс сапарымен барды

Ауған тарапының шақыруымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы...

Әке үмітін ақтаған ұл

   Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек аудандық полиция бөлімі бастығының...

Білікті маман Мамытов

Мақаламыздың кейіпкері – Бөкей ордасы аудандық полиция бөлімі бастығының ...