Ресеймен қақтығыс жағдайы ушықса Украинадағы қазақстандықтар қайда жүгіне алады?

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Ресеймен қақтығыстар шиеленіскен жағдайда Украинадағы Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігі қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстан азаматтары қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Төтенше жағдайда қабылдаушы елден шығудың әртүрлі нұсқасы қарастырылған эвакуация процедурасы бар, оның ішінде құрлық және әуе. Елшілік қызметкерлеріне нұсқау берілді. Қазақстан азаматтары үшін өтініш бойынша сенім телефондары жұмыс істейді», — деді ҚР СІМ баспасөз қызметі өкілдері.

Сонымен қатар, құрметті консулдар және олардың кеңселерімен азаматтардың оралуын жеңілдету және басқа да мүмкін болатын көмек мәселелері бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіліп жатыр. Украинадағы қазақ диаспорасы да көмектесуге дайын екенін білдірді.

«Жағдай ушығып жатса, Қазақстан азаматтары жедел желі телефондарына хабарласа алады: +38 067 347 04 08 (WhatsApp, Viber), +38 044 483 15 96, +38 044 489 18 58. Сондай-ақ, азаматтар Харьков (консулдық округ Харьков, Сумы және Полтава облыстарын қамтиды), Львов (Волынская, Закарпатская, Ивано-Франковская, Ровно, Тернополь, Хмельницкая, Черновецкая және Львов облыстары), Одесса (Николаевская, Херсон және Одесса облыстары) және Днепр (Днепропетровск облысы) қалаларында орналасқан ҚР құрметті консулдарының кеңсесіне жүгіне алады», — деп толықтырды баспасөз қызметі өкілдері.

Қазіргі уақытта 493 адам уақытша консулдық есепте тұр, бұл елшілік қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері, студенттер мен бизнес өкілдері. Тұрақты консулдық есепте 1110 адам бар. Қазақстан азаматтары негізінен, Украинаның Киев қаласында, Киев, Одесса, Харьков және Львов облыстарында тұрады.

Бұған дейін төрт мемлекет Украина Сыртқы істер министрлігіне олардың отбасы мүшелерін және дипломатиялық өкілдік қызметкерлерінің бір бөлігін эвакуациялау немесе Украина аумағынан өз еркімен кетуге рұқсат беру ниеті туралы хабарлаған болатын. Бұл — АҚШ, Ұлыбритания, Аустралия және Германия.

Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.

Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.

Еңбек ардагерлері, жұмысшы кәсіп, ғылым мен денсаулық сақтау өкілдері – Президент мемлекеттік наградаларды беру туралы Жарлыққа қол қойды 

Ұлттық мерекеміз – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Республика күніне орай Алматыда қандай шаралар өтеді? 

25 қазанда Қазақстанда елдің мемлекеттілігі мен егемендігін білдіретін ұлттық мереке – Республика күні аталып өтеді. Осы мерекеге орай Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени-көпшілік, спорттық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады.