Ресейде жантүршілерлік жол апаты болды: Олардың арасында қазақстандықтар бар-жоғы анықталды

21 тамызда Ресейдің Ульяновск облысы Николаевск ауданында автобус жол апатына ұшырап, 16 адамның қайтыс болды. Олардың арасында қазақстандықтар жоқ болып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Жол апатынан микроавтобуста болған 15 адамның және жүк көлігінде болған 1 адамның көз жұмғаны анықталды. 3 адам ауруханаға жеткізілді, 1 адам амбулаториялық ем алуға жіберілді. Алдын ала мәліметтер бойынша Ульяновск облысында жол апатына ұшыраған микроавтобуста Қазақстан азаматтары болған», — деп жазды ТАСС агенттігі.

ҚР сыртқы істер министрлігі Ресейдің Ульяновск облысында болған жол апатына қатысты пікір білдірді.

«Ресей Федерациясы Ульяновск облысы төтенше жағдайлар министрлігі штабының алдын ала мәліметі бойынша, аталған облыста болған жол апатынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан Республикасының азаматтары жоқ», — делінген ресми хабарламада.

Ульянов облысының губернаторы Алексей Русских Ульяновск маңында шағын автобуспен болған апаттың себептерін анықтауды тапсырды. Бастапқыда төтенше жағдайлар қызметінің мәліметі бойынша, қаза тапқандар Қазақстан азаматтары болған деген ақпарат келтірілген екен.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...