12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ресей Қазақстаннан әкелінетін қызанақ пен бұрыштың қаупі барын мәлімдеп, елге жеткізуге тыйым салды

Алматы және Ақтөбе облыстарынан Ресейге қызанақ пен бұрыш жеткізуге 18 қаңтардан бастап тыйым салынады. Россельхознадзор мәліметінше, өнімнен қауіпті табылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның сайтына сілтеме жасап.

21 желтоқсанда ведомство ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің атына өнімде қызанақ жемісінің (тобамовирус) қоңыр вирус анықталғаны туралы нотификация жібергені хабарланды.

«28 желтоқсанда келіссөздер барысында Ресей ведомствосы қазақстандық тарапты қалыптасқан жағдай туралы қосымша хабардар етті және тергеу нәтижелері мен Ресейге қауіпті вирус жұқтырған өнімдерді жеткізуге жол бермеу үшін қабылданған шаралар туралы ақпарат беруді сұрады. Алайда осы уақытқа дейін Қазақстан тарапынан ешқандай реакция болған жоқ.

Мал дәрігерлік және фитосанитарлық қадағалау жөніндегі федералдық қызмет 2021 жылғы 18 қаңтардан бастап Ресейге Қазақстан Республикасының Алматы және Ақтөбе облыстарынан қызанақ пен бұрыш жемістерін жеткізуге тыйым салады», — делінген хабарламада.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – әділетті қоғамға бастар жол

Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына кері...

Полиция басшылығы 500-ге тарта жеке қабылдау өткізіп, 1500-ге жуық тұрғынның мәселесіне ден қойған

Полиция департаментінде азаматтарды қабылдау шаралары жүйелі түрде, белгіленген кестеге...

Заң факультетінде мықты маман дайындау-басты міндет

   Әділетті қоғам құрудың негізі-сапалы құқықтық жүйе, ал оның тірегі...

ҚазҰУ-білімнің биік шыңы

  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті еліміздегі жоғары білім мен ғылымның флагманы,...