12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Реформалар Конституцияның негізінде жүргізіледі


Мемлекет пен қоғамның Ата Заңы бүкіл заң шығару ісінің қайнар көзі,
сондықтан, өзге заңдар мен нормативтік актілер Конституцияға негізделіп
қабылданады. Әрі оның басқа нормативтік актілерде кездеспейтін өзіне тән
белгілері болады. 1995 жылы бүкіл халықтық референдум нәтижесінде
Қазақстанның қолданыстағы Конституциясы қабылданды. Содан бері 30
жылға жуықтады, осы уақыт ішінде оған өмір талаптарына орай бірнеше
мәрте түзетулер енгізілді. Айтып өтерлігі, Конституция 9 тараудан, 99 баптан
тұрады. Соңғы өзгертудің біріне тоқталып өтсек, Президент өз өкілеттігі
кезеңінде ешқандай саяси партия құрамында болмайды. Бұл тыйым
Конституциялық Соттың, Жоғарғы Соттың, өзге де соттардың төрағалары
мен судьяларына, Орталық сайлау комиссиясының, сондай-ақ, ҚР Жоғары
аудиторлық палатасының төрағасы мен мүшелеріне қолданылады.
Еліміздегі реформалар Конституцияның негізінде жүзеге асырылады. Ата
Заңның тиісті нормаларын орындау мақсатында Президент туралы,
Парламент және оның депутаттарының мәртебесі, Үкімет, сайлау,
республикалық референдум, сот жүйесі және судьялардың мәртебесі,
Конституциялық Кеңес, Конституциялық Сот туралы және т.б.
конституциялық заңдар қабылданды.
Қазақстан халқы мемлекетті осы Конституция арқылы құрды, оның
басқару және құрылу нысандарын, әлеуметтік-экономикалық құрылысының
негіздерін, адам мен азаматтың мәртебесін анықтады. Конституция құры-
лысының негіздері адамның құқықтары мен бостандықтарына, ал меншік
нысандары еліміздің ұзақ мерзімді қажеттіліктері мен тарихи дамуына
бағытталған. Соның негізінде мемлекеттік және қоғамдық институттар құры-
лады. Конституциялық нормалардың іс жүзінде және бірыңғай қолданылуын
қамтамасыз ету өте маңызды. Конституциялық заңдылықты қамтамасыз ету
кешенді және көпдеңгейлі міндет, сондықтан, оның жай-күйі үшін біртұтас
мемлекеттік биліктің барлық тармағы, құқық қорғау органдары, қоғамдық-
саяси институттар, азаматтар жауапты.
Конституцияда көзделген түбегейлі құндылықтарды жүзеге асыруда адам
құқықтары мен бостандықтарының сақшысы саналатын тәуелсіз сот
саласында халық сенімінен шығу мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Прокуратураның жоғары қадағалауы кез келген заң бұзушылықты анықтауға
ғана емес, оның жолын кесуге де мүмкіндік береді. Адам құқықтары жө-
ніндегі уәкіл институтының қызметі мемлекеттік құқық қорғау тетіктерін
толықтырды.
Біздің Конституциямыз тұтас халықты конституциялық-құқықтық
қатынастардың субъектісі деп таниды. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет
ретінде құқықтық негіздерін бекітіп, демократиялық, зайырлы, құқықтық
және әлеуметтік мемлекет ретінде даму жолын айқындаған құжаттың
нормаларын мүлтіксіз орындау әрбір қазақстандықтың міндеті.

Алма Абдухалыкова, Түрксіб аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы

Алматы қаласы

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...

«Е-апостиль электрондық қызметін қалай тез алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа...

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...