Референдумда қабылданған Қазақстан Конституциясындағы өзгерістер күшіне енді

5 маусымдағы референдумда ел азаматтары қолдаған Конституциядағы өзгерістер күшіне енді. Референдумның қорытындылары туралы ресми ақпарат жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды.

Дауыс беру құқығы бар 11 734 642 азаматтың 7 985 769-ы дауыс берген. Референдумға келгендер 68,05 пайыз болған.

Оның ішінде азаматтардың 77,18 пайызы (6 163 516 адам) Конституцияға өзгеріс енгізуді қолдап, дауыс берген. Түзетулерге 18,66 пайыз (1 490 470 адам) қарсы болған. Бюллетеньдердің 2,58 пайызы жарамсыз деп танылған. Бюллетеньдердің 1,58 пайызы дауыстарды санау кезінде ескерілмеген.

Негізгі өзгерістер:

  • Қазақстан супер-президенттік басқару формасынан күшті парламенті бар президенттік формаға көшеді.
  • Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі.
  • Президенттің жақын туыстарының саяси мемлекеттік қызметші, квазимемлекеттік сектор субъектісі басшылары лауазымдарын атқаруға құқығы жоқ.
  • Қазақстандықтар өз бетінше Конституциялық сотқа жүгіне алады.
  • Өлім жазасына тыйым салынады. Ешкімнің адам өмірін қиюға құқығы жоқ.
  • Мәжілістің депутаттық корпусы аралас сайлау жүйесі бойынша құрылады.
  • Сенаттағы президенттік квота қысқарады, Мәжілістегі ҚХА квотасы жойылады.
  • Мажоритарлық жүйе депутатты сайлаушылардың қалауы бойынша шақыртып алуға мүмкіндік береді.
  • Тұңғыш Президенттің ерекше рөлі мен артықшылықтары туралы ережелер алып тасталады.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның 12 аймағында Конституциядағы түзетулерге дауыс беру өткені хабарланған болатын. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтқан еді. 

Сонымен қатар, республикалық референдумда 9 964 сайлау учаскесінде дауыс беру өткен еді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман айтты.

Тоқаев: Цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы 

Мемлекет басшысы цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы екенін айтты.

Қорғаныс министрі қаза тапқан әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті 

Қорғаныс министрі қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті.

Елімізде 1 қаңтардан бастап кімдердің жалақысы 40%-ға дейін көтеріледі 

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жалақысын 40%-ға дейін көтеру жоспарланып отыр.

ЖОО-дағы оқу мерзімі қысқарады. Кімдер университетті 3 жылда аяқтай алады?

Қазақстанда жоғары оқу орындарына бакалавриат бағдарламаларын үш жылда аяқтауға заң жүзінде мүмкіндік берілген. Алайда бұл барлық мамандыққа қатысты емес, ал оқу мерзімі қысқарғанымен, білім беру бағдарламасының көлемі азаймайды.

Германия тарихында алғаш рет әйел адам президент болуы мүмкін 

Германияда әйелді алғаш рет президенттік лауазымға кандидат ретінде қарастырып жатыр.