Референдумда 8 миллионға жуық қазақстандық дауыс берді

Конституцияға түзетулер енгізу бойынша республикалық референдумда 8 миллионға жуық қазақстандық дауыс берді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сағат 20.00-дегі алдын ала деректер бойынша, бюллетеньді 7 миллион 936 мың 655 қазақстандық алған, ал референдумға дауыс берушілердің қатысу көрсеткіші 67,65 пайыз болған.

Дауыс беру Нұр-Сұлтан уақытымен 20.00-де 12 өңірде аяқталды.

Айта кетейік, бұған дейін сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко шетелде дауыс берушілер тізіміне 11 350 қазақстандық енгізілгенін айтқан болатын. Нұр-Сұлтан уақытымен 19.00-дегі жағдай бойынша, шетелде 5 100-ге жуық адам дауыс берген еді.

Ал Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 18.00-дегі мәлімет бойынша, Қазақстандағы референдумға дауыс берушілердің қатысу көрсеткіші 65,04 пайыз болған еді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов мәлімдеген болатын.

Жеріне көпір құрылысы соғылып кеткен азаматтың құқығы сотта қорғалды

Азамат М.Пратовтың меншігінде Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Карасу а/о,...

Расширение сферы административной юстиции

17 декабря 2025 года Глава государства подписал Закон Республики...

Разногласия по налоговым спорам

Если упрощенно, то под налоговыми спорами понимаются разногласия, возникающие...

Әдеп нормаларын сақтау міндет

Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігі мен қызметтік әдебі, мінез-құлқы, этикалық...

Раздел без согласия

В КАЗАХСТАНЕ НАРАСТАЕТ ЧИСЛО ОБРАЩЕНИЙ, СВЯЗАННЫХ С НАРУШЕНИЯМИ В...