Референдумда 7,5 миллионнан аса қазақстандық дауыс берді

Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 18.00-дегі аладын ала мәлімет бойынша, Қазақстандағы референдумға сайлаушылардың қатысу көрсеткіші 65,04 пайыз болды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сағат 18.00-дегі жағдай бойынша референдумда 7 миллион 624 мың 641 қазақстандық дауыс берді.

«Орталық референдум комиссиясының облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және елордадағы аумақтық комиссиялары берген мәлімет бойынша, астана уақыты бойынша сағат 18.00-де тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 65,04 пайызы сайлау бюллетендерін алды», — деді Өтемісов.

Еске салайық, бүгін, 5 маусымда Қазақстанда республикалық референдум өтіп жатыр.

Референдумда қазақстандықтар Конституциядағы түзетулердің болу не болмауына дауыс береді. Яғни бюллетенде тек бір сұрақ: «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?». Сұраққа «иә» не «жоқ» деп жауап беруі керек.  

Патриотами не рождаются, патриотами становятся 

Воспитание подрастающего поколения в духе патриотизма и духовных ценностей...

Не только природное обновление 

СЕГОДНЯ ПРАЗДНИК НАУРЫЗ ПО ПРАВУ СЧИТАЕТСЯ ОДНИМ ИЗ ФУНДАМЕНТАЛЬНЫХ...

Мир без туберкулеза

В ЦЕНТРЕ ВНИМАНИЯ ДИАЛОГА ВЫСОКОГО УРОВНЯ В ПРЕДДВЕРИИ ВСЕМИРНОГО...

ӘР АЗАМАТ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ СӨЙЛЕП, АНА ТІЛІНЕ ЖАНАШЫР БОЛСА БОЛҒАНЫ

Елімізде мемлекеттік тіл саясаты Қазақстан Республикасы Конституциясымен, Қазақстан Республикасындағы...

Сот отырысын ұйымдастырудың маңызы мен тәртібі

Сот төрелігін жүзеге асыру – кез келген құқықтықмемлекет жағдайында...