Референдум – демократия көрінісі

Ата заңымызға енгізілген өзгерістер – Қазақ елінің келешегі кемел, болашағы баянды болуы үшін жасалып жатқан шара. Бұл туралы қазақ эстрадасының жұлдыздары Мұрат Құсайынов пен Ақбота Керімбекова айтып берді.

«Дос-Мұқасан» тобының көркемдік жетекшісі, әнші Мұрат Құсайынов елімізде басталған Конституциялық реформа – қоғамның назары мен талқылауындағы елеулі оқиға екенін жеткізді.

«Ата заң – мемлекеттің басты құжаты. Ол – ел тірегі, ел айбыны, тәуелсіздіктің тұғыры. Қазақ елінің Негізгі заңына біраз өзгерістер мен толықтырулар жасалып жатыр. Әрине, бұл біздің болашағымыздың жарқын болуы үшін қолға алынған дүние деп сенемін. Олай болса, әр азамат 15 наурызда өтетін республикалық референдумнан қалыс қалмауы керек. Әркім өзінің ойын білдіріп, болашақ үшін таңдауын жасаса деген ниетім бар. Егемен еліміздің азаматы ретінде даусымызды берейік», деді ол.

Әнші Ақтоба Керімбекова әлеуметтік желідегі парақшасында: «Халық мүддесіне, халық игілігіне деп жасалып жатқан әрбір бастаманы қолдаймын. Себебі, халық – мемлекеттің негізі және біздің өнеріміз бен талантымызға баға беретін ең әділ төреші. Ал, референдум – халық билігінің көрінісі!», деп жазды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет — қоғам тұрақтылығының негізі

Сыбайлас жемқорлық - қоғамның дамуына кері әсерін тигізіп, мемлекеттік...

Мемлекеттік тілді дамыту – ортақ борышымыз.

Мемлекеттік тіл – ұлттың рухани негізі, ел бірлігінің берік...

Қылмыстық заңнамадағы өзгерістер: заңдылық пен әділ сот төрелігін қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасында қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру бағытындағы жұмыстар...

Тіл – халық қазынасы 

Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың рухани болмысы мен мәдениетінің...

Тұрғын үйге арналған жаңа құжат – Кадастрлық паспорт

Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір...