Референдум-2026: Қазақстанда жаңа Конституция қабылданды 

Қазақстанда 2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдумның қорытындылары жарияланды. Бұл жайлы Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ресми мәліметке сәйкес, референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жалпы саны 12 482 613 адамды құрады. Оның ішінде дауыс беруге 9 127 192 азамат немесе 73,12% қатысты.

Дауыс беру нәтижесінде:

7 954 667 адам немесе қатысушылардың 87,15%-ы жаңа Конституцияны қолдап дауыс берді;

898 099 азамат қарсы дауыс берген;

146 558 бюллетень жарамсыз деп танылған.

Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, дауыс беруге қатысқан азаматтар саны жалпы сайлаушылардың жартысынан асқандықтан, референдум өтті деп танылды.

Сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кемінде үштен екісінде қатысушылардың басым бөлігі қолдау білдіргендіктен, референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасы қабылданды деп есептеледі.

Еске салайық, референдумда азаматтарға «2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сұрақ ұсынылған болатын.

Наурыз мейрамында қазақстандықтар қанша күн демалады?

Көктемнің алғашқы айы қазақстандықтарды ұзақ демалыс күтеді.

Мұнай бағасы тағы өсті: Brent мұнайының құны 103,08 долларға жетті 

Азия сауда сессиясының басында мұнай бағасы айтарлықтай өсті. Brent мұнайы баррелі 2,8%-ға қымбаттап, 103,08 долларға, ал WTI мұнайы шамамен 3%-ға өсіп, 96,25 долларға жетті.

Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов елге оралды 

Ербол Хамитов Астанаға оралды. Астана әуежайында спортшыны туған-туыстары, жанкүйерлері және спорт қауымдастығының өкілдері қарсы алды.

Өзбекстан президенті Мирзиёев Тоқаевты референдум табысты өтуімен құттықтады

Мемлекет басшысы Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті.

“Енді 15 наурызды Конституция күні ретінде қарсы аламыз“ — Президент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум барысында жүргізілген экзит-полл қорытындысымен танысты.