RAMS QAZAQSTAN өздеріне қатысты айтылған қауесетке нүкте қойды

Алматыда RAMS QAZAQSTAN құрылыс компаниясы басшыларының, жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен қоғамдық пікір көшбасшыларының кездесуі өтті. Жиынға қатысқан zanmedia.kz тілшісі бірқатар сұрақтарға жауап алды.

Айта кетсек, осыған дейін әлеуметтік желілерде «компания банкроттыққа ұшыраудың алдында тұр, ал оның басшылары мен бизнес иелері Түркияға қашып кетті-мыс» деген шындыққа жанаспайтын ақпарат тарап кеткен болатын. Осы қауесетке орай RAMS QAZAQSTAN компаниясы бас директорының коммерция жөніндегі орынбасары Джем Джиритджи:

— «Мұның бәрі шындыққа жанаспайды! Біз штаттық режимде жұмыс істеп жатырмыз. RAMS QAZAQSTAN компаниясы өз қызметін 1997 жылдан бері жүргізіп келеді. Компанияға келетін болсақ, оның Қазақстанда құрылғанын атап өткім келеді! Сондықтан да, RAMS QAZAQSTAN — қазақстандық Компания! Шетелдік жобалардың барын ескерсек те, біз өзімізді ең алдымен қазақстандық екенімізді ұмытпаймыз! Компанияның бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. Біздің Компания, бұл ең алдымен біздің баға жетпес қызметкерлеріміз! Жасап келе жатқан бүкіл қызмет кезеңінде компания шамамен 15 мың жұмыс орнын ашты. Біздің қызметкерлердің басым көпшілігі Қазақстан Республикасының азаматтары. Қазақстан нарығында жұмыс істеген 27 жыл ішінде 4 миллион шаршы метрден астам тұрғын және коммерциялық жылжымайтын мүлік пайдалануға берілді. Біздің компанияның негізгі миссияларының бірі – тұрғындарымыздың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау, осыған байланысты біз ағымдағы бизнес-процестердің тиімділігін арттыру мақсатында қайта құрылымдау бойынша тұрақты жұмыс жүргіземіз.

Біздің Қазақстан аумағында, оның ішінде шетелдік инвестициялар мен шетелдік әріптестерді тарта отырып, ауқымды жобаларды іске асыру бойынша үлкен жоспарларымыз бар. Сондай-ақ, біздің компанияның басшылығы тұрақты түрде Қазақстанда екенін атап өткім келеді. Шетелдік сапарлар ағымдағы жұмыс жобаларымен байланысты, себебі олар өздерінің жауапкершілік салаларында бизнес-процестерді басқаруға және бақылауға көп көңіл бөледі. RAMS QAZAQSTAN баспана салу бойынша мемлекеттік бағдарламалар мен тендерлерге қатыспайтынын, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік желілерін пайдаланбайтынын және тек қана жеке қаражат тартатынын, жеке тұлғалардан сатып алынған жер учаскелерінде құрылыс жүргізетінін атап өту қажет деп санаймын. «Қамқоршыларымыз» ретінде көрсеткен елдегі танымал фамилиялардың компанияға ешқандай қатысы жоқ екенін де қосқым келеді» дейді.

Тақырыпты жалғастыра отырып, RAMS QAZAQSTAN компаниясы заң департаментінің басшысы Қуаныш Шынтеміров мынадай маңызды жағдайды нақтылады:

— «Біз компаниямызға ешқандай қатысы жоқ адамдардың әлеуметтік желілер арқылы жазып жатқан ақпаратын көрдік, бұл жала жабу және Қазақстан нарығында 27 жылдық тәжірибесі бар компанияның іскерлік беделіне нұқсан келтіру болып табылады. Компанияның қызметі туралы жалған ақпарат таратып жатқан адамдармен біз заң жүзінде диалог жүргізетін боламыз» дейді.

Аудиторияның негізгі сауалдарының бірі RAMS CITY тұрғын үй кешенінің екінші кезеңін тапсыру мерзімі және оның кешігу себебі болды. Бұл сұраққа RAMS CITY-дің сату бөлімінің басшысы Александр Федоров жауап берді:

— Осы мәселеге анықтама берейік. Жасалған шарттарға сәйкес нысан ағымдағы жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде аяқталуы тиіс еді. Алайда, объективті де бізге байланысты емес себептерге байланысты мерзімдер мәжбүрлі түрде ауыстырылған болатын. Бұған дейін бірқатар фактор болды. Бұл — карантиндік режим және карантиннен кейінгі кезең, 2022 жылдың басында болған қаңтар оқиғасы, сондай-ақ көрші елдердегі қиын геосаяси жағдай, соның салдарынан біздің елімізге жабдықтар мен құрылыс материалдарын жеткізу мерзімдеріне әсер еткен логистикалық тізбектің бұзылуы орын алды.

Біз тұрғындарымызбен және клиенттерімізбен үнемі байланыстамыз және нысанды пайдалануға жеделдетіп беру үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз. RAMS CITY тұрғын үй кешенінің екінші кезеңінің бірінші бөлігіндегі пәтерлердің кілттерін беру ағымдағы жылғы төртінші тоқсаннан бастап жоспарланған.

— БАҚ өкілдері “Әлеуметтік желілерде NEF UPTOWN жобасы мен NEF компаниясы сөз етілді. Бұған қатысты түсініктеме бере аласыз ба?” — деген сұрақ қойды.

RAMS QAZAQSTAN компаниясының бас директорының коммерция жөніндегі орынбасары Джем Джиритджи мырза осы сауал бойынша былай деп айтты:   

— 2020 жылы NEF Uptown тұрғын үй кешенінің жобасын іске асыру басталды, онда RAMS QAZAQSTAN бас мердігер болды. 2021 жылдың соңында NEF компаниясының құрылтайшылары RAMS QAZAQSTAN-ның қатысуынсыз жобаны өз бетінше жалғастыруға шешім қабылдады, осыған байланысты жобаны басқару және іске асыру толығымен NEF компаниясының басқаруына өтті, содан кейін NEF және RAMS QAZAQSTAN компаниялары арасындағы шартты заңды түрде бұзу процесі басталды. Бұл ретте, NEF компаниясы заңды түрде (барлық нотариалды куәландырылған құжат, оның ішінде шарттар мен міндеттемелерді бұзу бойынша құжаттардың көшірмелері бар) барлық кредитормен және кредиттік міндеттемелер бойынша есеп айырысуды дербес жүзеге асыруға, сондай-ақ сол кездегі Банк алдындағы ағымдағы борыштарды өтеуге және тұрғын үй кешенін уақтылы пайдалануға беруге міндеттенді.

Іс жүзінде, 2022 жылдың соңынан бастап РАМС Қазақстан осы жобаға бас мердігер ретінде қатысқан жоқ. Алайда, 2024 жылдың басында NEF компаниясы кредиторлар алдындағы өз міндеттемелерін орындай алмайтыны және тыйым салулар мен қамауға алуларға байланысты «Nef Uptown» тұрғын үй кешенін пайдалануға беруге мүмкіндігі жоқ екені белгілі болды, онда жүздеген үлескер өз пәтерлерін алады деп күтеді. Бізге бұл жағдай «Nef Uptown» тұрғын үй кешенінің кейбір тұрғыны, сондай-ақ жобаның мердігерлері ұзақ уақытқа созылған мәселені шешуге көмек сұрап жүгінгеннен кейін белгілі болды.  Бізге бұрынғы серіктестерімізден осы уақыт ішінде осы мәселелерге қатысты қарама-қайшы ақпарат келіп түсетін. Олар бізбен байланысқа шықпай, уақытты барынша созып жүрді. RAMS QAZAQSTAN компаниясы бұл жағдайда үлескер болумен қатар, зардап шеккен тарап болып шықты, өйткені NEF бірлескен шартты бұзу кезінде келісілген қаржылық міндеттемелерін орындамады.

Зардап шеккен тарап болып шыққан жекелеген тұлғалар да БАҚ өкілдерін тарта отырып, RAMS QAZAQSTAN компаниясының төңірегінде дүрбелең туғызу арқылы жеке мәселелерін белсенді түрде шешуге тырысуда, дегенмен біздің бұл жобаға мүлдем қатысымыз жоқ. NEF компаниясының айналасында қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып, әлеуметтік шиеленісті болдырмау үшін RAMS QAZAQSTAN компаниясы ресурстарды басқарушы компания түрінде қосу туралы шешім қабылдады және бірқатар жұмыстар атқарылды, атап айтқанда: ұзақ уақыт бойы электр энергиясы бойынша берешекті төлеу, қоқыс шығару және іргелес аумақты абаттандыру.

Әңгімелесуді қорытындылай келе, Джиритджи мырза RAMS QAZAQSTAN-ның орасан зор жоспарлары бар екенін және жақын арада компания халықаралық деңгейдегі бірқатар ауқымды жобаларды таныстыруды жоспарлап отырғанын атап өтті, бұл жайында БАҚ арқылы кейінірек жарияланбақ.

Қайрат Закирьянов:Қазақстанның басты байлығы – мұнай емес, ақыл-ой»

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел дамуының жаңа моделіне қатыстыайтқан бастамалары қоғам алдында жаңа міндеттер қойып отыр. Мемлекет басшысының «Қазақстанныңбасты байлығы – мұнай емес, ақыл-ой. Адами капитал ел дамуының негізгі ресурсына айналуы тиіс» дегенсөзі ел болашағының басты бағытын айқындайтын маңызды ұстанымға айналуы керек. Бұл пікірді Қазақспорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов та қолдап, аталған идеяны жүзегеасыруда білім, ғылым, спорт және тәрбие салаларының рөліне ерекше назар аударды. Қайрат Закирьяновтың пайымдауынша, ХХІ ғасырдағы Қазақстанның басты мақсаты – Ұлы даланыңмыңжылдық тарихы мен бай мұрасына сүйене отырып, әлемдегі ең қуатты он экономиканың қатарынақосылу. Алайда мұндай биік мақсатқа тек табиғи ресурстардың арқасында жету мүмкін емес. Ол үшін еңалдымен білімді, дені сау, рухы мықты, бәсекеге қабілетті және отаншыл ұрпақ қалыптастыру қажет. Академия президенті ұлттық идеяны қалыптастыруда әлемдік тәжірибеге де назар аударады. Мәселен,өткен ғасырдың 30-жылдарында АҚШ президенті Франклин Рузвельт елдің экономикалық қуатынарттыруды ұлттық мақсат деңгейіне көтерді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония «Жапониядажасалған дүниенің бәрі ең жоғары сапалы болуы тиіс» деген қағиданы басшылыққа алып, сапа ментехнологиялық дамуды мемлекеттік басымдыққа айналдырды. Бұл мысалдар нақты ұлттық мақсат пеноған деген қоғамдық жауапкершіліктің ел дамуына серпін беретінін көрсетеді. Қазақстанның да өзіндік ұлттық идеясы бар. Тәуелсіздік жылдарында ел бірлігі, қоғамдық келісім менортақ құндылықтар мемлекеттіліктің берік негізіне айналды. Ендігі міндет – осы жетістіктерді жаңадәуірдің талаптарына сай дамытып, адами капиталды ұлттық дамудың басты қозғаушы күшінеайналдыру. «Қазақстанның спорттық Гарварды – 2044»: жаңа стратегиялық бағдар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың адами капиталға басымдық беру жөніндегі ұстанымын қолдайотырып, Қазақ спорт және туризм академиясы да өз алдына ауқымды мақсат қойып отыр. Академияның Ғылыми кеңесінде «Қазақстанның спорттық Гарварды – 2044» атты стратегиялықбағдарлама бекітілді. Оның негізгі мақсаты – Қазақ спорт және туризм академиясын әлемдегі жетекшіспорттық жоғары оқу орындарының қатарына қосу. Қайрат Закирьяновтың пікірінше, Академияның 100 жылдық мерейтойына қарай халықаралық деңгейдетанылған, білім беру сапасы, ғылыми зерттеулері, спорттық жетістіктері мен заманауи инфрақұрылымыбойынша әлемдік көшбасшылармен бәсекелесе алатын университет қалыптастыру қажет. Бұл мақсат тек Қазақстан үшін ғана емес, халықаралық спорт және білім беру кеңістігі үшін де маңызды.Болашақта әлемнің әр түкпірінен келген жастар Академияны сапалы білім алатын, озық жаттығуәдістемелерін меңгеретін, ғылыми ізденістермен айналысатын орталық ретінде таңдауы тиіс. Академияның амбициясы – әлемдік білім беру нарығында бәсекеге қабілетті болу, халықаралықстуденттерді тарту және жоғары сапалы білім мен кәсіби даярлықтың беделін қалыптастыру. Бұл өзкезегінде Қазақстанның білім беру экспортының дамуына да ықпал етеді. Дені сау ұлт – қуатты мемлекеттің негізі Қайрат Закирьянов көтеріп отырған бастаманың тағы бір маңызды қыры – спорттың ұлттық идеяныжүзеге асырудағы орны. Спорт – тек жоғары жетістіктер мен халықаралық жарыстардағы медальдар жиынтығы емес. Ол – ұлтденсаулығының, жастар тәрбиесінің, тәртіп пен табандылықтың, патриотизм мен бірліктің маңыздықұралы. Дені сау, тәні шымыр, рухы мықты ұрпақ қалыптастыру – Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуының бастышарттарының бірі. Сондықтан бұқаралық спортты дамыту, спорт ғылымын жетілдіру, жаттықтырушылармен дене тәрбиесі мамандарын даярлау мемлекеттік деңгейдегі басым бағыт болуы тиіс. Академия осы міндеттерді жүзеге асыруға өзінің ғылыми және білім беру әлеуеті арқылы үлес қосудыкөздейді. 2050 жылға дейінгі ұлттық мақсат Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов ұсынған тұжырымдаманың түпкімәні – Мемлекет басшысы айқындаған адами капиталды дамыту бағытын нақты істермен толықтыру. Осыған байланысты «ХХІ ғасырдағы Қазақстан халқының ұлттық идеясын» жүзеге асыруға Академияныңқатысу бағдарламасы 2026 жылғы 20 қарашада өткен Ғылыми кеңесте бекітілді. Ал ұлттық идеяны іскеасырудың межелі мерзімі ретінде 2050 жыл белгіленген. Ұлттық идеяның тезистерін әзірлеу мерзімі – 2027жылғы 31 желтоқсан. Бұл бастаманың негізгі өзегі – Қазақстанды экономикалық тұрғыдан қуатты, ғылыми әлеуеті жоғары, денісау, рухани бай және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті мемлекетке айналдыру. Қайрат Закирьяновтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың адами капиталға қатысты ұстанымынқолдауы – жай ғана саяси пікір білдіру емес, оны білім беру мен спорт саласындағы нақты стратегиялықміндеттермен ұштастыруға бағытталған қадам. Өйткені елдің болашағы жер қойнауындағы байлықпен ғана емес, сол елдің азаматтарының білімімен,денсаулығымен, қабілетімен және жасампаздық әлеуетімен өлшенеді. Қазақстанның басты капиталы – адам. Ал сол капиталды қалыптастыру – білімнің, ғылымның,спорттың және ұлттық тәрбиенің ортақ міндеті.

Выборы депутатов маслихатов: спортсмены проявляют активность и не остаются равнодушными к будущему страны

Сегодня среди участников выборов депутатов маслихатов немало известных казахстанских...

Ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері мәслихат депутаттарын сайлауда өз азаматтық ұстанымдарын білдіруде

Бүгін сайлау учаскелерінен танымал тұлғаларды – әртістерді, музыканттар мен...

Информация о явке избирателей на выборах депутатов маслихатов Республики Казахстан по состоянию на 10:00 часов

Центральная избирательная комиссия  сообщает:согласно данным, представленным территориальными избирательными комиссиями...