Рамазан айында Қазақстанда қанша адам ауыз бекітті – статистика

Қоғамдық саясат институты Рамазан айында ораза ұстағандар жайлы қызықты деректерді алға тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

SocioExpert хабарлағандай, респонденттердің 35,2% — ы ораза ұстаған. Ауыз бекіткендер саны басқа өңірлермен салыстырғанда еліміздің оңтүстік өңірлерінде жоғары: Жамбыл облысында (65,6%), сондай-ақ Шымкент (60,1%) және Алматы қалаларында (53,6%).

Сұрақ-жауап алынған адамның жасы неғұрлым жас болған сайын ауыз бекіту ықтималдылығы жоғары болған: 18-29 жас аралығында бұл респонденттердің 41,1%, 61 жастан асқан қазақстандықтар арасында тек 27% ораза ұстаған.

Ауыз бекіткендер арасында ауыл тұрғындарына қарағанда (30,1%) діндарлар (38,5%) көп. Оразаны ер адамдар (34,3%) мен әйелдер (35,7%) бірдей мөлшерде ұстады.

Сауалнама нәтижелері бойынша қазақстандықтардың 12,3% — ы ұстанатын сеніміне адал, оның барлық талаптарын сақтайды.

Зерттеулер осы жылдың сәуір айында жүргізілді, оған барлығы 6800 респондент қатысты.

Оперативно-профилактическое мероприятие «Правопорядок»

На учете службы пробации Ауэзовского района Департамента УИС по...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттің мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға,...

ЗАКОН ОБЯЗАТЕЛЕН ДЛЯ ВСЕХ — И ДЛЯ ВЛАСТИ ТОЖЕ

О ПОСЛАНИИ КОНСТИТУЦИОННОГО СУДА «О СОСТОЯНИИ КОНСТИТУЦИОННОЙ ЗАКОННОСТИ В...

Атыраудағы жаңа мәдени кешен тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

Атырауда бой көтеріп жатқан жаңа мәдени нысан тұрғындар үшін...

Сот отырысының хатшысы – сот төрелігін жүзеге асырудағы маңызды тұлға

Сот жүйесі – заң үстемдігін қамтамасыз ететін, азаматтардың...