Рамазан айындағы қайырымдылық: Абай облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері көпбалалы отбасыға көмек көрсетті

Қасиетті Рамазан айында мейірім, жанашырлық және мұқтаж жандарға қолдау көрсету секілді ізгі қасиеттердің маңызы арта түсетіні белгілі. Осы орайда, Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №20 мекемесінің арнайы есеп бөлімінің қызметкерлері қайырымдылық жасап, көпбалалы отбасыға көмек көрсетті.

Қайырымдылық шарасы аясында мекеме қызметкерлері жеті баланы тәрбиелеп отырған көпбалалы ана Гүлдананың шаңырағына барды. Отбасындағы ең кенже сәбиге небәрі жеті ай ғана болған. Қазіргі таңда отбасы жалдамалы жеке тұрғын үйде тұрып жатыр.

Арнайы есеп бөлімінің қызметкерлері отбасыға азық-түлік түріндегі көмек көрсетіп, күн сайын балаларының қамын жасап жүрген анаға қолдау білдірді.

№20 мекемесінің арнайы есеп бөлімінің бастығы Айгерім Атабаеваның айтуынша, Рамазан айында мұқтаж жандарға жанашырлық танытып, қамқорлық көрсету – әр азаматтың адамгершілік парызы.

– Рамазан айы – мейірім мен қайырымдылықтың, ізгілік пен жанашырлықтың айы. Осындай берекелі уақытта көмекке мұқтаж жандарға қолдау білдіру – баршамызға ортақ міндет. Біз көпбалалы анаға аз да болса демеу көрсетіп, оның күнделікті тұрмыс-тіршілігін жеңілдетуді мақсат еттік. Осындай игі шаралар қоғамда адамгершілік, жанашырлық пен өзара көмек құндылықтарын дәріптейді, – деді Айгерім Атабаева.

Өз кезегінде көпбалалы ана Гүлдана көрсетілген көмек пен ықылас үшін мекеме қызметкерлеріне шынайы алғысын білдірді.

– Біздің отбасы үшін бұл – үлкен көмек. Осындай қасиетті айда қолдау көрсетіп, қамқорлық танытқан мекеме қызметкерлеріне шын жүректен алғысымды айтамын. Осындай жанашыр жандардың бар екені көңілге үлкен демеу береді, – деді ол.

Мекеме қызметкерлері мұқтаж жандарға көмек көрсету, қайырымдылық шараларына белсенді қатысу және қиын жағдайға тап болған отбасыларға қолдау білдіру – қоғамдағы ізгілік пен бірлікті нығайтатын маңызды құндылықтардың бірі екенін атап өтті.

Мәміленің жарамсыздығы және мәміленің түрлері

Азаматтық заңнамада мәміле нысанына белгілі бір талаптар бар. Осылайша, екі...

За два года в Казахстане модернизируют 124 железнодорожных вокзала: уже обновлены 36 объектов

В рамках реализации задач, поставленных Главой государства по развитию...

Твой голос — твои правила: почему референдум-2026 станет главным экзаменом для нового поколения

Политобозреватель Газиз Абишев в ходе экспертной платформы КИСИ «Конституционная...