Рамазан 2025: Оразада құрма қымбаттай ма?

Қасиетті Рамазан айында құрма, жаңғақ қымбаттай ма? Бұл сауалға Сауда және интеграция министрлігінің басшысы Арман Шаққалиев жауап берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мәжіліс дәлізінде журналистер Шаққалиевтен министрліктің Рамазан айына арналған жеңілдіктер мен акциялар туралы сауда желілерімен келісімі бар-жоғын және ет, құрма, жаңғақ, сүт өнімдері сияқты тауарлардың бағасын сұрады.

«Мұндай кезде сауда желілері акциялар өткізеді, бағаны төмендетеді, түрлі іс-шаралар жасайды. Бұл — ең бастысы. Сауда желілері бұдан ақша табуға ұмтылмайды, керісінше бұл — жақсылық айы. Міне, бұл уақытта олар бағаны төмендетуге бағытталған түрлі акциялар өткізеді», — деп жауап берді Арман Шаққалиев.

Ораза — 2025 қашан басталады?

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты Мүфтилер алқасы жанындағы Пәтуа кеңесімен ақылдаса келе биыл Рамазан айы басталатын күнді бекітті.

Ортақ пәтуаға сәйкес қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталады.

Рамазан 2025: Қадір түні қашан?

ҚМДБ мәліметінше, 27 наурызға қараған түн — қасиетті Қадір түні. 30 наурыз — Ораза айт мерекесі.

Пітір садақа мөлшері қанша?

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төралқа мәжілісінде пітір садақа еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 655 теңге болып бекітілген.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарсылығынан кейін Құрылтай депутаттары мемлекеттік наградалар туралы заңды қайта қарады 

Депутаттар Президенттің ұсынысын қолдап, мемлекеттік наградалар туралы заңның жекелеген нормаларын жаңа редакцияда қабылдады.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.