Құралай Нұрқаділова ұлын миллион доларға сатып алғысы келген адамдар туралы айтты

Дизайнер өткені жайлы сөз қозғап, қандай қиын кезеңдерді бастап өткергенін айтты. 

«Бүгін менің өмір жолыма оралайық. Менің ең алғашқы жалақым 30 доллар еді. Бұл ол кезде көп ақша. Анамды, баламды асырау керек болды. Бұл ақша жетпеді. Менің айтпағым бұл емес, екі әлем арасында өзімді қалай сақтап қалғанымды айтқым келеді.

Менің ортамда әртүрлі адамдар болды. Бірі аристократтар. Олар әр жерден ақша соратын. Мен секілді проблемалармен жүрген қарапайым адамдар.

Маған өзім секілді жандармен араласуыма болар еді. Бірақ тегіме байланысты «қоғам қаймақтарымен» сөйлесуге тура келді. Олардың моральді, материалдық мүмкіндіктері менен әлдеқайда алыс, менің түсінігімнен мүлде бөлек еді.

Менің 30 доллар ақша үшін терлеп жүргенімді көріп, қалтама ақша салатын. Мен ол үшін қысылатынмын.

Бір күні досым мені өзімен бірге жүруін сұрады. Мен келістім. Бір жерге келгенде үлкен үйді көрсетті. Біз отырған машинаны айтты. Оның артында чемодан толы ақша болды. «Ол жерде миллион доллар бар. Ұлыңды маған сат» деді. Мен таңғалдым. «Неге өзің балалы болмайсың?» дедім. Ол «Сенің ұлыңның қаны мықты» деді.

Күлкімді тыя алмадым. Ондай ұсыныстан бас тарттым. Бұл мен үшін үлкен сынақ еді. Мен дұрыс таңдау жасадым», — деп жазды Нұрқаділова.

Желі қолданушылары бұл оқиға желісінде кино түсіруді ұсынды.

«Ұлыңыз қазір қайда? Көп алдында көрсетпейсіз», «Бұл оқиғамен кино түсіруге болады. Сіз де дайын актрисасыз», «Ойыңыз да, жазбаңыз да адамды ойға салады», «Бәрі адамның ортасына байланысты. Бай мен кедейдің түсінігі әртүрлі»- деп жазды олар.

 

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ МӘСӘЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай университетінде «Көшпенділік – мәдениет пен өркениет түрі: заманауи...

«ЗАКОНЫ НЕ РАБОТАЮТ»: УДОБНЫЙ МИФ ИЛИ ГОРЬКАЯ ПРАВДА? 

ЕСТЬ ФРАЗА, КОТОРУЮ В КАЗАХСТАНЕ МОЖНО УСЛЫШАТЬ ПОЧТИ В...

Устранить коллизии в законодательстве

Бизнес-омбудсмен выступил с предложением об уточнении понятий: «преступная» и...

В ловушке «легких» денег

ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ОБЕСПОКОЕНЫ ВОВЛЕЧЕНИЕМ МОЛОДЕЖИ В НАРКОПРЕСТУПЛЕНИЯ И ДРОППЕРСТВО....