12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Рақымшылық үлкен мүмкіндік

Еліміз Тәуелсіздік алған отыз жылдың ішінде он рет рақымшылық шарасын жасады. Мыңдаған сотталушы қапастан шығып, жаңа өмірге қадам жасаса, тағы мыңдаған адамның ауыр жазалары жеңілдетілген жазалармен ауыстырылды. Ізгі қоғам құры жолында еліміздің жасаған рақымшылық шаралары өзінің оң нәтижелерін де беру үстінде. Соның дәлелі олардың қайта қылмыс жасауға ұмтылмай түзу өмір сүре бастауы. Дәл қазір тағы бір рақымшылық шарасы орындалу үстінде.
Бұл рақымшылық туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомар Тоқаев «Қылмыскерлердің қолшоқпары болған, арандап қалған жандар да бар. Мен ауыр қылмыс жасамаған осындай азаматтарға кешіріммен қараған жөн деп шештім. Осыған орай, Рақымшылық туралы заң қабылданды. Бұл – адамгершілік тұрғыдан дұрыс қадам. Өйткені, кешірім – ізгіліктің белгісі» деп қаңтар оқиғасына қатысқандарға рақымшылық жариялау себебін түсіндірген болатын. Бұл рақымшылыққа биыл жылдың басында 4-7 қаңтар күндері еліміздің аумағында болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан және соған қатысы бар әрекеттерді жасаған адамдар ғана ілігеді. Сонымен қоса, оның күші тұлғаға қарсы заңсыз әрекет, көрнеу жалған тұтқындау, куәлік беруге мәжбүрлеу, қылмыстық құқықбұзушылықты жасыру, бөлімшені немесе қызмет орнын тастап кету, қызметіне салғырт қарау сынды айыптар тағылған полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілерге де жүреді.
«Рақымшылық туралы» заңның, мұндағы қарым-қатынасты реттейтін, Қылмыстық кодекстің 78-бабының нормаларынан асып кетпейтіні – бұлжымас заңдылық. Осы орайда атап өтер жайт, рақымшылық жасалған әрекеттің ауырлығын ескере отырып, ардагерлерге, кәмелетке толмағандарға, егде жастағы азаматтарға, I, II топтағы мүгедектерге және азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін басқа да адамдарға қатысты сараланып қолданылады. Мәселен, кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасағандар жауапкершіліктен босатылса, сотталғандар жазасын өтеуден босатылады немесе жазасы жеңілдетіледі. Ал ауыр және аса ауыр қылмысы үшін сотталғандар үшін жаза мерзімі қысқартылады, жазасын өтеп шыққандардан немесе жазасын одан әрі өтеуден босатылғандардан соттылығы алынып тасталады. Бұл ретте жыныстық, террористік, азаптау қылмыстарына және рецидивке рақымшылық жүрмейді. Яғни рақымшылық жасаудың өзіндік қағидалары бар.
Рақымшылық жаза басқан азаматтарға қоғам мен мемлекеттің танытқан ізгі ниеті деуге болады. Негізі рақымшылық жасаумен ғана шектелмей мемлекет рақымшылықтың арқасында түрмеден босаған азаматтарды жергілікті органдардың көмегімен әлеуметтік ортаға бейімдеуге де тырысады. Рақымшылық шарасына абақтыда отырғандардан бөлек айыппұл шарасына, шартты жазаға кесілгендер, күдіктілер, айыпталушылар, қоғамдық жұмыстарға және басқа да ауыр емес жазаға тартылғандар да қамтылады. Елімізде ең алғашқы рақымшылық 1991 жылы «Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңы аясында жүзеге асты. Рақымшылық жасаудың бір мақсаты – темір тордағы азаматтардың санын азайтуға да бағытталған. Өйткені, еліміз 2002 жылға дейін әр жүз мың адамға шаққандағы сотталған адам саны жағынан әлемде АҚШ пен Ресейден кейін үшінші орында болғандықтан түрмедегі адам санын азайту мақсатында да жасалған кездері болды. Кейіннен қылмыстық заң барынша ізгілендіріліп, оның ішінде Қылмыстық кодекстің бірқатар баптары жұмсартылды және шартты түрде мерзімнен бұрын босату мерзімдерінің басталу уақыты қысқарды. Сонымен қатар, бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаның балама түрлерін қолдану аясы кеңейтілді. Тараптарды татуластыруға көңіл бөлініп, кейбір жаза түрлері айыппұлмен алмастырылды. Жазаны анағұрлым жұмсақ жазаға ауыстыру туралы ережелерді қолдану ережелері жеңілдетілді. Нәтижесінде еліміз түрмедегі адам саны жөнінен кейінгі орындарға шегерілді. Жалпы заң бұзушылар рақымшылық жасаудың түпкі ниетін бағамдап, қоғамға пайдалы азаматтарға айналса үміттің ақталғаны болмақ.

Саликов Турсынхан Токтарбаевич, Медеу ауданының №2 аудандық сотының судьясы

Тараптарды азаматтық істер бойынша хабарландыру

Азаматтық процесс — бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы...

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...