Рақымшылыққа байланысты түпкілікті шешімді тек сот қабылдайды 

« Рақымшылық туралы» заңның қолданысқа енгізілгеніне көп бола қойған жоқ. Заң күшіне енген алғашқы күннен бастап барлық аумақтық бөлімшелерде жүйелі жұмыс ұйымдас тырылды. Ішкі істер министрлігі рақымшылыққа байланысты материалдардың уақытылы дайындалуын, олардың соттарға жолдануын және қабылданған сот шешімдерінің орындалуын бақылауда ұстап отыр.

Бүгінгі таңда соттарға 10 мыңнан астам ұсыныс жолданған. Оның ішінде 4400-ге жуығы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен, ал 6900-ден астамын пробация қызметі дайындады. Бүгінге дейін соттар мыңнан астам материалды қарап шықты. Нəтижесінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен 620 адам босатылып, əкімшілік қадағалауға алынды. Пробация қызметінің есебінде тұрған 724 азамат та жазасын өтеуден босатылды. Сонымен қатар 730-дан астам сотталғанның жаза мерзімі қысқартылды. Жалпы, қылмыстық рақымшылық автоматты түрде қолданылмайды. Əрбір сотталған бойынша материалдар жеке қаралып, түпкілікті шешімді тек сот қабылдайды.

Т.ИБАШЕВА, «Заң газеті»

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...