12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

РӘМІЗДЕР КҮНІ МЕМЛЕКЕТТІК МЕРЕКЕЛЕР ҚАТАРЫНА ҚОСЫЛА МА?

2011 ЖЫЛҒЫ 13 ЖЕЛТОҚСАНДА ҚАБЫЛДАНҒАН, ҚАЗАҚСТАНДА АТАП ӨТІЛЕТІН МЕРЕКЕЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІН АЙҚЫНДАЙТЫН «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕРЕКЕЛЕР ТУРАЛЫ» ЗАҢ БОЙЫНША ҚР РӘМІЗДЕРІ КҮНІ ҰЛТТЫҚ НЕ МЕМЛЕКЕТТІК МЕРЕКЕ ЕМЕС. ЯҒНИ, 4-БАП БОЙЫНША КӘСІБИ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ МЕРЕКЕЛЕР ҚАТАРЫНДАҒЫ ЖАЙ ҒАНА ДАТА.

Заңның 2-бабы бойынша, Қазақстандағы Ұлттық мереке тек қана Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан). Ал, 3-бап
бойынша, мемлекеттік мерекелер – Жаңа жыл (1-2 қаңтар); Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз); Наурыз
мейрамы (21-23 наурыз); Қазақстан халқының бірлігі мерекесі (1 мамыр); Отан қорғаушы күні (7 мамыр); Жеңіс күні (9 мамыр); Астана күні (6 шілде); Қазақстан Республикасының Конституциясы күні (30 тамыз); Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні (1 желтоқсан). Сол себепті Мемлекеттік рәміздер күнін біреу «ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы №258 Конституциялық заңымен байланыстырса, енді біреу 1992 жылы 4 маусымда тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілген күнмен байланыстырады.
Тарихқа көз жүгіртер болсақ, 28 жыл бұрын (1992) Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туы туралы», «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасы туралы»,
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимннің музыкалық редакциясы туралы» заңдар күшіне енген
болатын. Алайда оларды еліміз «ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы» заң қабылданғаннан кейін ғана мерекелік
дата ретінде атап өте бастады. Мәселен, бұл заңның 1-бабы бойынша, Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба,
Мемлекеттік Гимн Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері болып табылады. Оларды пайдалану
және орындау тәртібі 4, 6, 8, 9-баптарда көрсетілген. ҚР Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу қағидаларын бекіту (3-1) 10-баптағы Үкіметтің құзыретінің ішінде қарастырылған. Ал, 13-баптың 1-тармағы бойынша,
Қазақстан азаматтары, сондай-ақ, республика аумағында жүрген адамдар Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті. 15-бапта Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін дайындауды және пайдалануды реттейтін заңнаманы бұзу ел заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғатыны ескертілген. Жасыратыны жоқ, мәселенің бәрі көп жағдайда осы жерден туындап, ол жұртшылық тарапынан қызу пікірталас тудырғанына қарамастан, әлі күнге дейін заңнамаға қажетті өзгерістер мен толықтыруларды енгізуде атқарушы және заң шығарушы билік өкілдері шабандық танытып келе жатыр. Сондықтан да,
мемлекеттік рәміздерді пайдалану мен орындау тәртібі ғана емес, заңнаманы бұзуға қатысты жауаптылықтың
толық нақтыланбауы себепті дер кезінде жаңартылмағандықтан түсі оңып, жыртылған Мемлекеттік Ту мен алыс-жақын шет елдердегі түрлі спорттық жарыстарда шатастырылып қойылатын Мемлекеттік Гимнге қатысты сын-ескертпелер бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде әлі де толастаған жоқ. Ал,
өз үйінің балконына Мемлекеттік Туды ілгені үшін әкімшілік жазаға тартылған азаматқа қатысты оқиғадан кейін елге деген құрметі мен патриоттық сезімін мемлекеттік рәміздер арқылы білдіруден қашқақтайтындар көбейді.
Ұлттық не мемлекеттік емес, жай ғана мерекелік дата ретінде атап өтілетін болған соң, Мемлекеттік рәміздер
күні халықтың барлық әлеуметтік топтары арасындағы отаншылдықты паш етуде айтарлықтай үлкен өзгеріс
енгізе алмай отыр. Кәмелеттік жастан асқан, экономикалық жағынан белсенді тұрғындардың ішінде әлі күнге дейін мемлекеттік рәміздердің авторларын білмейтіндердің жиі кездесуі соның нақты көрінісі деуге болады. Бұған мемлекеттік рәміздердің тәуелсіздіктің басты атрибуттары болып табылатынын еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін сезіндіріп, бұл күнді шын мәніндегі мереке ретінде мойындатуға мүмкіндік беретін ерекше мәртебенің болмауы өз ықпалын тигізіп отырғаны анық. Мәселен, көршілес елдердің ішінде Түрікменстан биыл 18 мамырды Конституция және Мемлекеттік Ту мерекесі күні ретінде ұлттық деңгейде
атап өтті. Егер мемлекеттік рәмізге деген құрметті арттырамыз десек, оны жай ғана дата ретінде емес, мемлекеттік мереке ретінде тойлайтын болсақ, бұл жұртшылық асыға күтетін ерекше күндердің біріне айналары күмәнсіз.
Біздің бұл ойымызға кейбіреулер мерекені көбейтудің қажеті қанша деуі де мүмкін. Оларға айтармыз, егер мемлекеттік мерекелердің саны көбейіп кетеді дейтін болсақ, Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз); Астана күні (6 шілде); Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні (1 желтоқсан) сияқты мерекелердің бірімен алмастыру жағын жұртшылық талқысына салу арқылы шешуге болады деп ойлаймын. Онсыз да бізде өзге елдердегідей ұлттық ерекшелікті паш ететін және ел мен халықты танытуда шетелдік туристердің арасында ерекше зор қызығушылық тудыра алатын мемлекеттік мереке көп емес. Тіпті жоқ деуге болады.
Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ,
«Заң газеті

Ассамблея орнына Халық кеңесі: Қандай өзгерістер болады?

Қызылордада Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтті. Отырыс барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясын таратылып, оның орнына Халық кеңесі құрылатынын мәлімдеді.

Қазақстандық банктердегі депозиттер 48 трлн теңгеге жетті

2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық банктердегі депозиттер көлемі 48 трлн теңгеге жетті, бұл 2024 жылмен салыстырғанда – 41,28 трлн теңгеге, яғни 16% артық.

Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстан шеттетілді

Қазақстанның кәсіби бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков Жәнібек Әлімханұлының допинг ісі бойынша тыңдаулар өтіп жатқан уақытта жекпе-жектерге қатысудан уақытша шеттетілгенін мәлімдеді.

Жұмыссыздарға 130 млрд теңге: Қанша қазақстандық төлем алды?

2025 жылдың қорытындысы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жұмысынан айырылу жағдайына байланысты әлеуметтік төлемді 354,2 мың адам алған.

Президент Қазақстан Парламентіне жаңа атау ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында Қазақстан Парламентінің атауын өзгерту туралы ойын айтты.