31.01.2025 жылы Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті және оған қарасты мекемелердің мекеме бастықтарының тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары және кадр қызметкерлері болып, ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясына оқуға түсуге ниет білдірген 11 сынып түлектері және олардың ата- аналарының қатысуымен жиналыс өткізілді. Жиында Атырау облысы бойынша оқуға түсуге ниеттенген үміткерлерге оқуға түсу шарттары түсіндіріліп, қосымша бейнероликтер көрсетілді.