«Әрқашан өзін женген Адам-жеңеді!» атты ұранмен 2022 жылы 24-ақпан күні Бөрлі аудандық ПҚ қызметкерлері мен аудандық ПҚ есебінде тұратын сотталғандар арасында Бөрлі ауданының Ақсай қаласында «Ақсай» спорт кешенінде Бөрлі ауданының жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың және «Ақсай» СК бөлімімен стритлифтингтен спорттық іс-шара өткізілді.
Осы ұйымдастырылған спорттық іс-шараға қатысқан қатысушылар белсенділік танытып, жақсы нәтижеге қол жеткізді. Спорттық іс-шарада жеңіп шыққан жеңімпаздар грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Батыс Қазақстан облысы.