12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

QS 2026: АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІ –КӨШБАСШЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті QS Quacquarelli Symonds жаһандық жоғары білім талдау агенттігі жариялаған «QS World University Rankings – 2026» рейтингінде әлемнің ең үздік университеттерінің қатарынан табылды. Ал Орталық Азия мен Қазақстанның ішінен ең үздік педагогикалық университеттердің көшін бастап тұр.

Бүгін халықаралық «QS World University Rankings – 2026» рейтингіне қатысушы жоғары оқу орындарына сертификаттар мен марапаттарды табыстау рәсімі өтті. Жаңа рейтингте Абай университеті 628-орынды иеленіп, өткен жылмен салыстырғанда бірден 43 позицияға жоғары көтерілді (671–680 аралығы). Осылайша, университет әлемнің үздік 650 жоғары оқу орнының қатарына кіріп, Қазақстанның алдыңғы қатарлы үздік 4 университетінің бірі ретінде өз орнын нығайтты. Сонымен қатар, ҚазҰПУ – Қазақстан мен Орталық Азиядағы педагогикалық білім беру саласының көшбасшысына айналды.

Аталған марапатты Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма Төрағасы-Ректоры Болат Тілеп қабылдап, университеттің жаһандық білім кеңістігінде жоғары бағаланатынын жеткізді. Бұл рейтингтің білім беру сапасын әлемдік стандарттар деңгейінде жетілдіруге, жоғары білім беру үдерістерін халықаралық тәжірибемен үйлестіруге және жаһандық трендтерді бақылауға мүмкіндік беретінін ерекше атап өтті.

– Бұл жай ғана жоғары баға емес, бұл – Абай университетінің халықаралық аренадағы және жаһандық академиялық қауымдастықтағы жетекші деңгейде мойындалуы. Университеттің оқыту сапасын, халықаралық әріптестігін, инфрақұрылымы мен инклюзивті жоғары деңгейін дәлелдейтін маңызды жетістік. Сонымен қатар, университеттің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған бүкіл ұжымның жүйелі де күнделікті еңбегінің нәтижесі. Университет ұжымын шын жүректен құттықтай отырып, жаңа жетістіктер тілеймін, – дейді Болат Анапияұлы.

Марапаттау шарасында еліміздің өзге де үздік деп танылған 20 жоғары оқу орнына сертификат пен арнайы белгі берілді. Айта кетейік, «QS World University Ranking» сертификаттарын QS компаниясының бас коммерциялық директоры Джейсон Ньюман мен QS Quacquarelli Symonds халықаралық рейтинг агенттігінің өңірлік директоры Сергей Христолюбов салтанатты түрде бүгін табыс етті.

61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 2026 жылы өтетін...

Олжас Бектенов обсудил с экспертами вопросы развития экономики 

📍 Премьер-министр РК Олжас Бектенов провел встречу с экспертами экономического...

Олжас Бектенов сарапшылармен экономиканы дамыту мәселелерін талқылады 

📍 Премьер-министр Олжас Бектенов экономикалық блок сарапшыларымен кездесу өткізді. Онда...

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР АЯСЫНДА НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан қаласында өткен «Қысқы кубок» халықаралық футбол турнирі аясында...

Мемлекеттік тілге құрмет — елге құрмет

Қазақстан Республикасы мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдарда...