Қызылордада пробация қызметінің есебіндегі азаматтармен теологиялық кездесу өтті

Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға рухани қолдау көрсету және діни сауаттылықты арттыру мақсатында арнайы кездесу ұйымдастырылды. Шараға Қызылорда облыстық Дін істер басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Н.Бауыржан мен психолог Қ.Қойшыбаева қатысты.

Кездесу барысында теолог Н.Бауыржан ислам дінінің негізгі қағидалары, оның бейбітшілік пен адамгершілікке негізделген құндылықтары жайлы түсіндірді. Ол ислам дінінің радикализм мен экстремизмді қолдамайтынын, керісінше, мейірімділік пен әділдікті насихаттайтынын атап өтті. Сондай-ақ, дін саласында жиі қойылатын сұрақтарға жауап беріп, қатысушыларға діни сенімнің маңыздылығы туралы жан-жақты мағлұмат берді.
Өз кезегінде психолог Қ.Қойшыбаева кездесуге қатысушылармен психологиялық тренинг өткізіп, адамның ішкі жан дүниесін реттеу, стрестен арылу және өмірге деген оң көзқарасты қалыптастыру жөнінде кеңестер берді. Ол адамның рухани дамуы мен психологиялық тұрақтылығы өзара тығыз байланысты екенін айтып, жағымды ойлаудың өмір сапасына әсер ететінін түсіндірді.

Кездесуге қатысушылар мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өзекті тақырыптар бойынша пікір алмасты.

ОСК МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫНА ҚАТЫСАТЫН САЯСИ ПАРТИЯЛАР ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен саяси партиялар заңнамаға сәйкес...

ӘРПК аясындағы медиация: заң мен келісім үндестігі

Құқықтық мемлекетте кез келген даудың шешімі әділдік пен заңдылыққа...