Қызылордада пробация есебіндегі сотталғандардан психологиялық тест алынды

Қылмыстық жазасын өтеген азаматтарды қоғамға қайта бейімдеу- қазіргі таңда маңызды міндеттердің бірі. Осы бағытта аудандық және қалалық пробация қызметтерінде жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгін Қызылорда қалалық пробация үйінде Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығының психологы З.Бисекова мен пробация қызметінің инспектор-психологы Г.Жылқаманова пробация есебінде тұрған тұлғаларды қабылдады. Пробация есебіндегі азаматтардың мінез-құлық ерекшеліктерін зерделеу мақсатында психологиялық тест жұмыстарын жүргізді.

Психологиялық тест нәтижелеріне қарай, есептегі тұлғаларды түзу жолға бейімдеу мақсатында әртүрлі тәрбие лік бағытта жұмыстар жүргіземіз. Жалпы алғанда, бұндай оңалту шаралары олардың қоғамға тез бейімделуіне және өмірге деген көзқарасы өзгеріп, болашаққа сенімі артады,-дейді психолог Гүлзинат Жылқаманова.

Мен бүгін психолог қабылдауында болдым. Бұл маған өзімді жақсырақ түсінуге көмектесті. Жасаған қателіктерімді ойланып, дұрыс шешім шығарып, қайта қылмыс жасамау керектігін түсіндім. Психологиялық тұрғыдан көмек көрсетіп жатқан пробация қыметі мен психологтарға алығыс айтамын, -деді есептегі азамат.

«50 мың теңгелік зауыт»: сот Артем Крецумен жасалған мәмілені жарамсыз деп таныды

Құны 2,5 млрд теңгеден асатын активтері бар Көкшетаудағы жұмыс...

Tatulyq.kz: зорлық-зомбылықтың алдын алуда қоғамның жауапкершілігі маңызды

Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз...

Ана тілі — асыл қазына

         Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі. Бұл...

ПРЕСТУПНЫЕ ДОХОДЫ – ЧЕРЕЗ КРИПТУ

ЦИФРОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ ОТКРЫЛИ НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ НЕ ТОЛЬКО ДЛЯ ЗАКОННОГО...