Қызылордада пробация есебіндегі азаматтарды жұмыспен қамту жұмыстары жалғасуда

Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебінде 600-ге жуық сотталған азамат тұр. Олардың қоғамға қайта бейімделуі мен тұрақты жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Жыл басынан бері пробация қызметінің қолдауымен 11 жұмыссыз азамат квота бойынша тұрақты жұмысқа орналасты.

— Сотталған деген сөзді естіген соң, көп жерде жұмысқа алғысы келмейді. Өмір болған соң, қателеспейтін адам болмайды. Өзімнің шалыс басқанымды мойындаймын. Бірақ пробация қызметкерлері бізге үлкен қолдау көрсетіп, психологиялық, құқықтық, медициналық көмектер беруде. Сонымен қатар, сот жүктеген міндеттерді орындау, заң бұзбау туралы түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Ендігі арманым – жұмысымды істеп, ата-анама, бауырларыма көмек беру, — дейді пробация есебінде тұрған азамат.

Қызылорда қалалық пробация қызметінің бастығы, әділет майоры Фариза Сембаеваның айтуынша, қазіргі уақытта жұмыссыз сотталғандарды квота арқылы жұмысқа орналастыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Сонымен қатар, жеке кәсіп ашуға ниетті азаматтарға да қолдау көрсетілуде.

— Жұмыссыздықтың алдын алу мақсатында тұрақты түрде жұмыстар жүргізіліп, пробация есебіндегі азаматтардың қоғамға бейімделуіне барынша жағдай жасалады, — дейді әділет майоры.

Бұл бастама есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік тұрғыда қолдап, олардың қайта қылмыс жасауына жол бермеуге бағытталған тиімді шаралардың бірі болып табылады. Пробация қызметі алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыратын болады.

Реформалар жұмыс сапасын жақсартуды көздейді

Мемлекет басшысы айтқандай «Әділ сот мемлекеттің берік тірегі ретінде...

Сот отырысының хатшысы болу – жауапты міндет

Сот төрелігін жүзеге асыруда судьяның қызметімен қатар, сот отырысының...

Жошы  Ұлысының тарихи-мәдени мұрасын зерделеудің жаңа кезеңі басталды

Алматыда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының «Жошы...

Усть-Каменогорская ТЭЦ получит дополнительные 130 Гкал/ч тепловой и 100 МВт электрической мощности

12 августа 2026г., Усть-Каменогорск. - На Усть-Каменогорской ТЭЦ началось...