Қызылордада Антикор еріктілері жол жөндеу жұмыстарына мониторинг жүргізді

Қызылорда облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлері Қызылжарма кентінің Ы.Жахаев, Қ.Сексенбаев көшелеріне жүргізілген мониторинг барысында кемшіліктерді анықтады.

Мониторинг барысында, жарты жыл бұрын жөнделген Қызылжарма кенті бойынша аталған екі көшенің жол сапасы нашар және ойылған шұңқырлардың  пайда болғаны белгілі болды.

Мәселені зерделеу кезінде, 2023 жылы аталған екі көшенің жол жөндеу құрылыстарына бюджеттен 33,2 млн теңге бөлінгені анықталды (Ы.Жахаев көшесі 10 906,7 мың тг, Қ.Сексенбаев көшесі 22 297,6 мың тг).

Волонтерлердің бастамасы бойынша Департамент  тиісті ұсынымдар енгізді, нәтижесінде Қызылжарма кенті Ы.Жахаев көшесінің жөндеу жұмыстары аяқталып, жол құрылысының сапасы талаптарға сай орындалды.

Сонымен қатар, аталған кенттің Қ.Сексенбаев көшесіне төселген асфальт қабатының бұзылған 300 метрге жуық аумағы қайта алынып, жаңадан асфальт қабатын төсеуге әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

Тұрақты даму мақсаттары: білім мен қоғамды байланыстыратын жүйелі қадамдар

Қазіргі таңда әлем елдері үшін тұрақты даму мақсаттары тек...

Әділ қоғам  қалыптастыруда білімнің рөлі

Қазіргі кезеңде тұрақты дамудың негізгі шарттарының бірі әділ, ашық...

Мемлекеттік қызмет — мерейлі міндет

Мемлекеттік қызмет – мемлекет жүйесінің ел басқарудағы ең маңызды...

Задачи административной юстиции

1 июля 2021 года введен в действие Административный процедурно-процессуальный...

Будущим юристам показали работу уголовно-исполнительной системы изнутри в области Абай

В области Абай сотрудники учреждения максимальной безопасности Департамента уголовно-исполнительной...