Қызылордада айыппұл төлеп, сотталғандар бостандыққа шығып жатыр

Қызылордада қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінен айыппұлмен алты сотталған бостандыққа шықты.Қызылорда қаласындағы қауіпсіздігі барынша төмен №37 мекемесінде абайсызда қылмыс жасағандар жазаларын өтейді. Бұл азаматтардың көбісі жол-көлік оқиғасын жасағандар. Осы азаматтардың арасында қылмыспен келтірілген залалды өтеп, оң мінездемемен, сот қаулысымен шартты түрде мерзімінен бұрын және жазасының өтелмеген бөлігі неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстырылып, түзеу мекемесінен босап шығып жатыр. Олар тәртіптік жазасы жоқ, бір немесе бірнеше марапаты бар, мекеме ішінде өткізілетін іс-шараларға белсене қатысып, өзін жақсы қырынан көрсетіп жүрген сотталғандар.

Сотталғандардың оң мінезді деп танылуы мекеме қызметкерлерінен құралған комиссия арқылы айқындалады. Сотталған өз өтінішхаты негізінде жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыруға немесе шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға сотқа өтінішхат жазады. Өтінішхатты жасақ бастығы қажетті құжаттарды жинақтап, сотқа жолдайды.

Мекеменің тәрбие бөлімінің бастығы Бауыржан Сәметовтің айтуынша, сотталғандардың қылмыспен келтірілген залалды өтеуі, жәбірленуші тарапынан кешірім берілуі, оң мінездеме берілуіне және көтермелеу шараларының болуына да назар аударылады. Содан соң ғана олардың сотқа құжаттары жолданады.

Сот жазасын өтеушінің өтінішхатын қанағаттардырған жағдайда, сот қаулысымен ғана бостандыққа шыға алады. Жазасын өтеушілерді қоғамға қайта бейімдеу мақсатында жазасын өтеушілермен жүйелі түрде тәрбиелік және оңалту жұмыстарын жүргізіп, олардың өмірге деген оң көзқарасын қалыптастырудамыз. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жыл басынан бері 13 сотталған босатылды. Оның ішінде шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған – 2 адам, жазасының өтелмеген бөлігі неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстырылған – 4 адам, қылмыспен келтірілген залалды өтеген – 6 адам және мерзім соңымен 1 азамат бостандыққа шықты, — деді Бауыржан Сәметов.
Мекемеден босатылған азамат өз қуанышымен бөлісіп, енді жаңа өмір бастағысы келетінін айтты.

Бүгін мен үшін ерекше күн. Мен жазамды өтеп, бостандыққа шығып жатырмын. Бұл маған үлкен сабақ болды. Бостандықтың қадірін түсіндім. Ендігі жерде қателіктерімді қайталамай, жаңа өмір бастағым келеді. Қоғамға лайықты азамат болып, жақындарыма пайдамды тигізсем деймін, — деді ол.

Қазақстан орман-климаттық жобаларға инвестиция тарту үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынады

Астанада Париж келісімі аясында Қазақстанда көміртегі жобаларын дамытуға арналған...

Соттың белсенді рөлі – әділ сот төрелігінің негізі

Құқықтық мемлекет қалыптастыруда сот жүйесінің алатын орны ерекше. Себебі...

Реформалар жұмыс сапасын жақсартуды көздейді

Мемлекет басшысы айтқандай «Әділ сот мемлекеттің берік тірегі ретінде...

Сот отырысының хатшысы болу – жауапты міндет

Сот төрелігін жүзеге асыруда судьяның қызметімен қатар, сот отырысының...

Жошы  Ұлысының тарихи-мәдени мұрасын зерделеудің жаңа кезеңі басталды

Алматыда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының «Жошы...