Қызылорда қалалық пробация қызметі жасөспірім сотталғандарды мәдени орындарға апарды

Қызылорда қалалық пробация қызметі кәмелетке толмаған сотталғандарды қоғамға бейімдеу мақсатында облыстық Әбділда Тәжібаев атындағы әмбебап ғылыми кітапхана мен облыстық тарихи-өлкетану музейіне экскурсия ұйымдастырды.
Экскурсия барысында жасөспірімдер кітапхана қорымен танысып, қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетінің үздік шығармалары туралы мағлұмат алды. Сондай-ақ, олар кітапхананың электронды қызметтерін пайдалану мүмкіндіктерін көріп, білім алудың жаңа әдістерімен танысты.

Музейге саяхат барысында жастар Қызылорда облысының тарихы мен мәдени мұрасы туралы құнды ақпарат алды. Оларға өңірдің ежелгі дәуірден бүгінге дейінгі даму кезеңдері, тарихи жәдігерлер мен көрнекті тұлғалар туралы әңгімеленді. Мұндай шаралар жасөспірімдердің танымдық көкжиегін кеңейтіп, олардың қоғамға бейімделуіне оң ықпал етеді.
Қалалық пробация қызметінің инспекторы Мақсат Жұмабеков бұл іс-шараның тәрбиелік мәні зор екенін атап өтті. «Біздің мақсатымыз – жастарға дұрыс жолды көрсетіп, олардың қоғамға толыққанды азамат болып қосылуына көмектесу. Мұндай мәдени-танымдық сапарлар олардың жаңа білім алуына және өз болашағын оң бағытта құруына ықпал етеді», – деді пробация қызметінің инспекторы.

Алдағы уақытта да пробация қызметі жасөспірімдерге арналған әлеуметтік және мәдени іс-шараларды жалғастыруды жоспарлап отыр.

Қазақстан орман-климаттық жобаларға инвестиция тарту үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынады

Астанада Париж келісімі аясында Қазақстанда көміртегі жобаларын дамытуға арналған...

Соттың белсенді рөлі – әділ сот төрелігінің негізі

Құқықтық мемлекет қалыптастыруда сот жүйесінің алатын орны ерекше. Себебі...

Реформалар жұмыс сапасын жақсартуды көздейді

Мемлекет басшысы айтқандай «Әділ сот мемлекеттің берік тірегі ретінде...

Сот отырысының хатшысы болу – жауапты міндет

Сот төрелігін жүзеге асыруда судьяның қызметімен қатар, сот отырысының...

Жошы  Ұлысының тарихи-мәдени мұрасын зерделеудің жаңа кезеңі басталды

Алматыда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының «Жошы...