Қызылорда облысында есептегі азамат қоғамдық жұмыс арқылы жазасын өтеп жүр

Жаңақорған аудандық пробация қызметінің есебіне алынған азамат туған ауылында көше тазалау жұмыстарымен айналысып, қоғамдық жұмысты атқарып жүр. Аудандық пробация қызметінің бастығы Анарбек Искаковтың айтуынша, жол патрульдік полиция қызметкерлері азаматты тексеру барысында олардың киімінің қалтасынан өзіндік иісі бар кептірілген есірткі заты табылған. Сот үкімімен азамат Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, 40 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды. Ол қазіргі уақытта аудандық әкімдік белгілеген орындарда күніне 4 сағаттан тазалық жұмыстарын атқарып жүр. – Қазіргі уақытта өз кінәмді толық түсіндім. Қылмыстың өтеуі – жаза. Жалғыз анам бар. 4 сағат қоғамдық жұмыс жасап, бір мезгіл жұмыс жасаймын. Болашаққа арманым көп. Отбасын құрып, балаларыма жақсы тәрбие берсем деймін. Қателеспейтін адам болмайды ғой. Жазамды еңбекпен өтеп жатырмен. Бұл маған үлкен сабақ болды, – деді есептегі азамат.

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...

Дружба, связанная правом и веками 

25 октября в Республике Казахстан отмечается главный национальный праздник...