Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД өткен жылды қорытындылады

Бүгін Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінде департамент бастығы әділет полковнигі Есенкелдиев Шаймерден Тәжіқұлұлының төрағалығымен жедел кеңес өтті. Жедел кеңесте 2024 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстар қорытындыланды. Жиынға ҚАЖД және ведомстволық бағынысты мекемелердің басшылары, «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5547 әскери бөлімі» бастығы Бастамиев Ерген Ерденұлы, «Еңбек-Қызылорда» РМК директоры, ҚАЖ департаменті ардагерлер ұйымының төрағасы Талғат Шәкіұлы және жеке құрам қызметкерлері қатысты.
Жиынды департамент бастығы әділет полковнигі Шаймерден Тәжіқұлұлы ашып, ҚР Ішкі істер министрінің жыл қорытындысы бойынша алқа мәжілісінде айтылған тапсырмаларын жеке құрамға жеткізді.
Жедел кеңес барысында департамент бастығының орынбасарлары әділет полковнигі Ж.Зиябеков, әділет полковнигі Ж.Әбдіқайыров сөз сөйлеп, қызметтің барлық бағыттарының жұмыс нәтижелерін баяндады. ҚАЖ Департаментіне қарасты №37 №60 және №68 мекемелердің бастықтары мекемелердегі құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етуде атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.
Баяндамашыларды тыңдаған ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Шаймерден Есенкелдиев, алға қойған мақсаттарды орындау, мекемелерінде ұстау режимін қамтамасыз ету, тыйым салынған заттардың кіруіне жол бермеу, сотталғандардың 100 пайыз жұмыспен қамтылуы, пробация қызметі бойынша қайта қылмыстық алдын алу бойынша жұмыстарды жандандырып, басты назарда ұстау қажеттігін баса айтты. Сондай-ақ жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты сақтап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін нақты тапсырмалар жүктеді.

Қазақстан орман-климаттық жобаларға инвестиция тарту үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынады

Астанада Париж келісімі аясында Қазақстанда көміртегі жобаларын дамытуға арналған...

Соттың белсенді рөлі – әділ сот төрелігінің негізі

Құқықтық мемлекет қалыптастыруда сот жүйесінің алатын орны ерекше. Себебі...

Реформалар жұмыс сапасын жақсартуды көздейді

Мемлекет басшысы айтқандай «Әділ сот мемлекеттің берік тірегі ретінде...

Сот отырысының хатшысы болу – жауапты міндет

Сот төрелігін жүзеге асыруда судьяның қызметімен қатар, сот отырысының...

Жошы  Ұлысының тарихи-мәдени мұрасын зерделеудің жаңа кезеңі басталды

Алматыда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының «Жошы...