Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД №60 мекемесі 2024 жылдың жұмысын қорытындылады

ҚАЖД бастығы әділет полковнигі Шаймерден Есенкелдиевтің төрағалығымен өткен қорытынды жедел-қызметтік кеңеске №60 мекеме бастығы әділет подполковнигі М.Өтетлеуов және жеке құрам қызметкерлері, Ардагерлер ұйымының төрағасы Т. Ахметов, 5547 әскери бөлімнің штаб бастығы подполковник А.Асқарбек, «Еңбек-Қызылорда» филиалының директоры Е.Төребеков, №3 қалалық емханасының бас дәрігерінің орынбасары Л.Ахмет, кешкі мектеп директоры Б.Утегенов қатысты.
Бірінші кезекте ҚАЖД басшысы әділет полковнигі Шаймерден Есенкелдиев жиынды ашып, жеке құрамға ІІМ Министрінің жыл қорытындысы бойынша алқада айтылған тапсырмаларын жеткізді.
Жедел кеңес барысында №60 мекеме бастығының орынбасары әділет подполковнигі Ускенбаев Алтынбек Тұрарбекұлы қызметтердің 2024 жылғы 12 айдағы қорытындылары туралы баяндама оқыды. Осы баяндама барысында алдағы кезеңге арналған басым міндеттер белгіленіп, әр бағыттағы жетістіктер аталып, кемшіліктер талданды. Сонымен қатар, ҚАЖД бастығы жеке құрамға тәртіп пен заңдылықты сақтауына, тыйым салынған заттардың кіруіне жол бермеу, сотталғандардың жұмыспен қамтылуына, мекемелерде ұстау режимін қамтамасыз етуін тапсырды.

№60 мекеме баспасөз қызметі

Т.Рысқұлов аудандық пробация қызметі профилактикалық іс-шаралар жүргізді

2026 жылғы 6-10 мамыр аралығындағы мереке күндері Жамбыл облысы...

Қордай аудандық пробация қызмет рейдтік іс-шаралар жүргізілуде

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД Қордай аудандық пробация қызметі, ағымдағы...

Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу – қоғам талабы

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың негізгі басым...