Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде жоспарға сәйкес арнайы оқу жаттығу кешені өтті

Жаттығу барысында жеке құрамның білімі мен практикалық дағдылары, сондай-ақ жоспарға сәйкес әрекет ету дайындығы тексерілді. «Жаза өтеуден жалтару және бой тасалау дерегі» бойынша өткізілген оқу-жаттығуға облыстық Полиция департаментінің жол -патрульдік полиция қызметкерлері, кинологиялық қызмет орталығы, мекеме қызметкерлері атсалысты. Оқу –жаттығу барысында сотталған азаматтың мекемеден бой тасалаған жағдайда бастапқы ден қою алгоритмдері іс жүзінде жүргізілді.

Бұл оқу-жаттығу кешені мекеме қызметкерлерінің қызметтік, жауынгерлік және кәсіби дайындықтарының жақсы деңгейде екендігін көрсетті. Оқу жаттығу барысында қандай да бір төтенше жағдайлар орын алған сәтте мекеме қызметкерлері сақадай сай екендіктерін көрсетті Жаттығу аяқталғаннан кейін қорытындылар шығарылып, мекеме басшылығы тарапынан тиісті сала қызметкерлеріне нақты тапсырмалар берілді, — деп атап өтті режим бөлімшесінің бастығы әділет аға лейтенанты Сауранбай Медет

Сот отырысында тәртіп сақтау баршаға міндет

Сот отырысына қатысудың тәртiбі заңмен бекітілген. Сондықтан, сот залындағы...

Жаңа Конституция

Конституция – кез келген тәуелсіз мемлекеттің ең басты, ең...

Мемлекеттік тіл және құқықтық мемлекет қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің егемендігі мен ұлттық бірегейлігінің маңызды...

Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық мәртебесі

Қазақстан Республикасында сот билігі – мемлекеттік биліктің дербес тармағы...

Сотқа деген сенімді арттыру тетіктері

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен оған деген қоғамдық...