Қызылорда да тергеу мекемесінде «Зорлық-зомбылықтың» алдын алу тақырыбында семинар кеңес өтті

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде тәрбие және кадр саясаты тобының аға инспекторы әділет капитаны Д.Шахидың ұйымдастыруымен жеке құрам қызметкерлері арасында отбасындағы «Зорлық-зомбылықтың» алдын-алу тақырыбында семинар өтті.

Іс-шарада, мекеме бастығының жалпы сұрақтар жөніндегі орынбасары әділет майоры Е.Бегімұлы төрағалық етіп, семинарға Қызылорда қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Ерболат Әйгерім Ерболатқызы мен Артықбаева Еркебала Сапарқызы шақыртылып,  отбасыға  қатысты зорлық-зомбылыққа жол жоқ тақырып аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, видео роликтер көрсетіліп,  күш қолдану, ұрып-соғу, намысқа тию, қоғамнан оқшаулау секілді зорлыққа душар болған жағдайда не істеу керектігі жайлы айтып өтті. Сонымен қатар,  келген мамандар жеке құрам қызметметкерлерінің сұрақтарына тұшымды жауап беріп, өз кеңестерімен бөлісті.

Қазіргі таңда, елімізде отбасы арасында «Зорлық-зомбылық» тақырыбы күрделі тақырыптардың біріде бірегейі болып отыр. Мекемеге тиісті мамандарды шақыртып, жеке құрам қызметкерлері арасында біршама түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Себебі, қызметкерлердің жұмыс тәртібі де кестесі де ауыр. Отбасындағы түсініспеушіліктердің бірі осы мәселеден туындайды. Сол себептен, жеке құрам қызметкерлерінің өздерінен бөлек отбасылары арасында да үйлеріне барып профилактикалық түсіндірме жұмыстарын мүлтіксіз жүргізіп отырамыз,- деді мекеме бастығының орынбасары әділет майоры Романкулов Ерлан Бегімұлы.

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...