Қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтіру басым бағыттардың бірі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалауды және мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады. 

         Жоғарыдағы көрсетілген міндетті орындау мақсатында азамат К. (бұдан әрі -Мемлекеттік қызмет алушы) түскен шағымы негізінде,мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің бұзылуына қатысты Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасынан тиісті ақпарат сұралды. 

         Берілген ақпарат бойынша, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің 275 күнге бұзылғаны анықталып,қызмет алушының құқықтарын қалпына келтіру және орын алған заңбұзушылықтарды жою туралы ұсыным енгізілді.

         Сонымен қатар, Алматы қаласының Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы басшысыҚР ӘҚБтК-нің 465-бабының талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершіліккетартылды.

         Қазіргі таңда, қызмет алушыға жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертіуі туралы қаулы шығып, құқықтары толық көлемде қалпына келтірілді. 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 

Алматы қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының 

бас маманы

Айдосұлы. А

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...

Локализация и ее преимущества 

Делегация Казахстана посетила ряд ведущих европейских предприятий, специализирующихся на...

Патриотами не рождаются, патриотами становятся 

Воспитание подрастающего поколения в духе патриотизма и духовных ценностей...