Қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтіру басым бағыттардың бірі болып табылады

          Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалауды және мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.

          Жоғарыдағы көрсетілген міндетті орындау мақсатында азаматша Б.Естаеваның (бұдан әрі — Мемлекеттік қызмет алушы) түскен шағымы негізінде, аталған шағымдағы уәждерді жан-жақты, объективті және толық қарау мақсатында Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасында «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет бойынша негізсіз дәлелді бас тарту және мемлекеттік көрсету тәртібі бұзылғандығы бойынша бұзушылықтар анықталды.

          Сұрау хаты бойынша мемлекеттік қызмет беруші, яғни Алматы қаласының жоспарлау және урбанистика басқармасымен мемлекеттік қызмет көрсету барысында негізсіз бас тарту және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі бұзылуы фактісі расталып, қызмет алушының құқықтарын қалпына келтіру және орын алған заңбұзушылықтарды жою туралы  ұсыным енгізілді.

          Сонымен қатар, Алматы қаласының Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы басшысы ҚР ӘҚБтК-нің 465-бабының талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

          Қазіргі таңда, қызмет алушы құқықтары жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгертіліп толық көлемде қалпына келтірілді.

Н.Қ. Аринова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Алматы қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының

бас маманы

Қарыздан құтылудың тиімді тетігі

Әрбір заң азаматтардың құқығы мен бостандығын әділ қорғау, халыққа...

Жаңа Конституция заң үстемдігін орнатады

Еліміздің жаңа Конституциясының жобасы бүкілхалықтық референдумда халықтың қолдауымен қабылданды....

8848 театры – «Бақыт үлкен болмайды» атты жаңа премьераны көрерменге ұсынбақ…

Жақында Алматыда 8848 театры құрылып,  жаңа театр өнер әлеміне...

Қазақ тіліне деген құрмет әрқашанда маңызды болуы тиіс

Қазақ тілі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі және елдің...

ОТ ФОРМАЛЬНОГО УЧАСТИЯ – К РЕАЛЬНОМУ ВЛИЯНИЮ

Общественный контроль в Казахстане в условиях конституционных преобразований последних...