«Қызметті алушылардың құқықтары» — Департаменттің басымдығы

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды және мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.

Айта кету керек, Алматы қаласында жыл сайын 20 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетіледі, оның 90% — ға жуығы электрондық түрде көрсетіледі.

Департамент өз қызметі шеңберінде тұрақты негізде көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтіру бойынша бақылау іс-шараларын жүргізеді.

Мысалға, аталған тапсырманы орындау үшін және «Алматы қаласының Халықаралық Әуежайы» АҚ-нан (бұдан әрі — көрсетілетін қызметті алушы) түскен шағым негізінде толық, объективті және жан-жақты қарау мақсатында «Алматы қаласының қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы» КММ-де «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартудың тәртібі мен негізділігін сақтау бойынша (бұдан әрі мәтін бойынша – Басқарма) тексеру жүргізілді.

Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту және бас тарту тәртібін бұзу фактісі толық расталды, осыған байланысты Басқармаға көрсетілетін қызметті алушының құқықтарын бұзушылықты жою және қалпына келтіру туралы нұсқама жіберілді.

Сонымен қатар, Басқарма орынбасары ретінде лауазымды тұлға ҚР ӘҚтК 465-бабының талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ бұзушылыққа жол берген жауапты тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 

Бүгінгі күні жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту жолымен көрсетілетін қызметті алушының құқықтары толық көлемде қалпына келтірілді.

Көрсетілетін қызметті алушы С.-ның шағымы бойынша да осындай жағдай орын алып, нәтижесінде шағымда көрсетілген фактілер расталды, сондықтан басқармаға тиісті ұсыныс хат жолданды.

Осыдан кейін көрсетілетін қызметті алушының құқықтары қалпына келтірілді, Басқарманың жауапты лауазымды адамы ҚР ӘҚтК 465-бабының талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартқан және сіздің заңды құқықтарыңыз бұзылған жағдайда, Сіз ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне «Пионер 2» БО Достық даңғылы 134 мекенжайы бойынша хабарласуға немесе +77272549005 нөмірі бойынша қоңырау шалуға, сондай-ақ азаматтардың барлық өтініштерін бірыңғай қабылдайтын «e-otinish» платформасы арқылы өтініш беруге құқығыңыз бар.

Сонымен қатар, азаматтардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын айтарлықтай жеңілдету үшін «EgovKZBot2.0» платформасындағы Telegam мобильді қосымшасында жаңа «уәкілетті орган» функциясы әзірленді.

Бұл функция азаматтармен кері байланысты жақсартуға, сондай-ақ олардың өтініштері мен шағымдарына жедел ден қою және өңдеу тиімділігін арттыруға бағытталған.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Жаңбыршиев Мақсат Мұратбекұлы

Мемлекеттік қызметкердің әдеп және мінез-құлық нормалары

Қоғамның мемлекетке деген сенімі көбінесе мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби біліктілігіне...

Сот жүйесіндегі жасанды интеллекттің рөлі

Қазіргі уақытта ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы мемлекеттік басқарудың барлық...

Сотқа шақыру қағаздарын жіберу тәртібі

Сотқа шақыру қағазы — соттың тараптарды (талапкер, жауапкер, куә,...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САММИТ КӨРМЕСІНЕ ҚОЙЫЛДЫ

Бүгін Астана қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Өңірлік...

АПОСТИЛЬ – ҚҰЖАТТАРДЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ТАНУДЫҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ

Қазіргі жаһандану дәуірінде азаматтардың шетелде білім алуы, жұмыс істеуі,...