12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«ҚЫЗМЕТКЕ АДАЛДЫҚ- ПОЛИЦИЯНЫҢ БАСТЫ МІНДЕТІ»


Отанға қызмет етудің үлкен-кішісі болмайды. Бастысы сол қызметті шын ниет пен адал көңілмен жасау. Бұл ретте полиция қызметкерлерінің де атқарып жатқан жұмыстары ауқымды. Халық үшін, елдің тыныштығын қадағалауда қалтқысыз қызмет етіп жатқан азаматтардың арасында Түркістан облысы полиция департаменті Сауран аудандық полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Мамырхан Мұсаханов та бар.
Он жылдан астам уақыттан бері Ішкі істер органдарында қызмет атқарып келе жатқан полиция майоры Мамырхан Ділдаханұлы 2014-2019 жылдары Атырау облысы Полиция департаментінің Жылыой аудандық полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы болады. Ал 2019-2023 жылдары Түркістан қаласының полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы қызметін атқарады. Соңғы екі жылдан бері Сауран ауданының полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы болып саладағы жұмысын жалғастырып келеді.
Тәжірибелі маман өзінің жұмысына деген жауапкершілігінің арқасында қызметін абыроймен атқаруда. Учаскелік полиция инспекторының жұмысы халықпен тікелей байланысты. Сондықтан да бұл жұмыстың қызығынан қиындығы көбірек. Жергілікті жұртшылықпен жұмыс жасауда олардың түрлі мәселелерін тыңдап, сұрақтарына жауап беру айтуға ғана оңай.
«Қызметке адалдық- полицияның басты міндеті деп білемін. Жұмысымыз тікелей халықпен байланысты болғандықтан, олардың қандай да бір мәселелері мен арыз-шағымдарына бей-жай қарай алмаймыз. Қай кезде де біздің қызметіміз еліміз үшін екенін айтқым келеді»,- дейді учаскелік инспектор М.Мұсаханов. Сондай-ақ ол елге қызмет етудің үлкен абырой мен жауапкершілік екенін де назардан тыс қалдырмайды.
Өзінің еңбекқорлығы мен қызметке деген жауапкершілігінің арқасында Мамырхан Ділдаханұлы Алғыс хаттармен де марапатталған. Сонымен қатар түрлі қоғамдық іс-шараларда да өзінің белсенділігімен танылуда.
Отбасында аяулы жар, ардақты әке болып отырған полиция майоры қос ұл мен қос қыздың әкесі. Елге қызмет етуді бірінші орынға қойған ол балаларын да отансүйгіштікке тәрбиелеуде. Полицейдің тілегі қашанда елдің амандығы.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Заң мен тәртіпті сақтау — жалпыға ортақ міндет

Заңның үстемдік құруы барлық мемлекет үшін басты құндылық саналады. ...

Кәсіпкер егіз қыздардың жұбын жазбай, арман мектебіне бірге оқуға түсуге көмектесті

Айым және Гүлім Орынбасар – Түркістан облысының Қазығұрт ауылында...

АҚШ-тың үздік жақ-бет реконструктивті-пластикалық хирургтары Алматыда балаларға ота жасайды

Алматыда Қазақстандағы Америка Сауда Палатасының (AmCham) гуманитарлық медициналық миссия...

Қазақстандық оқушылар Таиландтағы әлем чемпионатында ел намысын қорғады

2025 жылдың 29 маусымы мен 3 шілдесі аралығында Таиландтың...