Қызмет көрсету ақысы және депозит: кафе мен мейрамханалар жұмысында не өзгереді?

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, бөлшек сауда және қоғамдық тамақтану саласындағы қоғамдық бірлестіктердің, сондай-ақ бизнес-қоғамдастықтың өкілдерімен кездесті. Кездесуге арқау болған мәселе — қоғамдық тамақтану қызметтерін жетілдіру бойынша ұсыныстарды талқылау, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мейрамханалар мен дәмханаларда келушілерге қызмет көрсеткені үшін 10 пайыз төлем алу тәжірибесінің заңдылығын, сондай-ақ депозиттік жүйе мәселелерін талқылады. Министр Қазақстанның Азаматтық кодексіне сәйкес, қоғамдық тамақтану саласында ас мәзірін ұсыну жария оферта болып табылатынын, сәйкесінше, қызмет көрсету үшін ақы төлеу қажеттілігі туралы ақпарат ас мәзірінде көрсетілуге тиіс екенін еске салды. Егер ондай ақпарат болмаса, онда төлемақы алу заңсыз деп есептеледі.

«Келушілерге қызмет көрсеткені үшін заңсыз ақы алуды болдырмау үшін Ішкі сауда ережесіне өзгерістер енгізілді. Енді мейрамханалар қызмет көрсету ақысын тек мәзірде көрсетілген жағдайда ғана ала алады. Сондай-ақ, «депозиттік жүйеге» тыйым салатын ережелер айтылды. Келушілер үшін кіру тегін болып қалады, алайда қосымша қызметтер үшін, мысалы, VIP-кабина, караоке-кабина үшін ақы алуға болады», — делінген хабарламада.

Кездесу барысында Арман Шаққалиев кәсіпкерлердің талқылауына қызмет көрсету үшін ақы төлеу ережелерін нақтылаудың орындылығы туралы мәселені ұсынды.

Халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай табысы артты

2026 жылдың II тоқсанында Қазақстан халқының жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 410 088 теңгеге жетті. Бұл бір жыл бұрынғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 14%-ға жоғары.

2027 жылдан бастап МӘМС жүйесінде не өзгереді: Денсаулық сақтау министрлігі түсіндірді 

Қазақстанда денсаулық сақтауды қаржыландырудың басым бөлігі сақтандыру моделіне көшуі жалғасуда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен барды 

Мемлекет басшысы Берлинде бизнес-форумға, ал Мюнхенде технологиялық бизнес-форумға қатысады.

Үсік жүріп, тұман түседі: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы 

«Қазгидрометтің» мәліметінше, 29-30 қыркүйекте Қазақстан аумағының басым бөлігіне жоғары атмосфералық қысым өрісі әсер етеді.

583 адам декреттік төлемді қайтаруға міндеттелді: Қор ақшаны неге кері сұрайды? 

2025 жылдан 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүктілікке және босануға байланысты артық төленген қаражатты өндіріп алу үшін 583 алушыға қатысты сотқа талап-арыз берген.