Қытай Қазақстанға АЭС салуға қолдау көрсетуге дайын

Қытай Қазақстанға АЭС салуға қолдау көрсетуге дайын. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бастаған қазақстандық делегацияның Қытайға жұмыс сапарында мәлім болды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ведомствоға сілтеме жасап. 

Бейжіңде Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Мемлекеттік энергетика басқармасының басшысы Х.Ванмен және ҚХР Атом энергиясы агенттігі төрағасының орынбасары Ц.Люмен кездесті.

Тараптар атом энергетикасы, мұнай-газ, электр энергетикасы және жаңартылатын энергия көздері саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Бұл ретте Қытай тарапы Қазақстанға АЭС құрылысы жобасын жүзеге асыруда қолдау көрсетуге жоғары деңгейде дайын екенін білдірді.

Сондай-ақ Алмасадам Сәтқалиев қысқа тізімге енгізілген ядролық технологияның әлеуетті жеткізушісі Қытай Ұлттық ядролық корпорациясының (CNNC) бас директоры Ю.Шэнмен келіссөздер жүргізді.

Делегация сонымен қатар НПР-1000 реакторы бар салынып жатқан Чжанчжоу атом электр станциясын, Shanghai Electric атомдық энергия корпорациясының өндірістік базалары мен Қытайдың орталығындағы уранды қайта өңдеу және байыту зауытын аралады.

Уран конверсиялау және байыту зауытына бару Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Жолдауына сәйкес уранды конверсиялауды және байытуды қоса алғанда, құнды кластерлерді құру қажеттігі бойынша Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі жүргізіп жатқан жұмыстардың жалғасы ретінде болды.

Еске салайық, биыл 6 қазанда республикалық референдум өткен еді. 

2027 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер өседі 

Еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылғандарға төленетін әлеуметтік төлемдер 8,5%-ға өседі.

Алматы тауларында жоғалған Корея азаматы әлі табылмай жатыр

Алматы тауларында 28 қыркүйекте жоғалып кеткен Корея Республикасының 73 жастағы азаматы әлі іздестіріліп жатыр.

Пәтер, ипотека және бизнес: Неке шартын жасасу кезінде нені ескеру керек? 

Неке шарты – бұл жұбайларға мүлік, отбасылық шығындар және қаржылық міндеттемелер туралы алдын ала келісіп алуға көмектесетін маңызды құжат.

Реализация МЭКС: Канат Бозумбаев поручил привлечь больше банков к финансированию модернизации коммунальных сетей

В Алматы под председательством заместителя Премьер-министра Каната Бозумбаева состоялось...