Қытай мен Моңғолиядан Қазақстанға көшіп келу көрсеткіші өсті: кімдер келіп жатыр?

Бірінші несие бюросы Қытай мен Моңғолиядан көшіп келгендер туралы деректерді талдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, 2024 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстанға Қытайдан 1 451 адам және Моңғолиядан 1088 адам тұрақты тұруға келген. Бұл былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 177 және 172 пайызға өсті және соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіштер: Қытайдан — 2017 жылдан бастап, Моңғолиядан — 2011 жылдан бастап. Осы уақыт ішінде қазіргі көрсеткіштерге ұқсас ештеңе байқалмады. Бұл ретте Қазақстаннан Моңғолия мен Қытайға көп адам көшпейді.

Бірінші несие бюросы мәліметінше, мигранттардың басым көпшілігі (98 пайызы Қытайдан, 99 пайызы Моңғолиядан) этникалық қазақтар. Қытайдан келген иммигранттардың жартысы тұру үшін Алматы немесе Астананы таңдаса, тағы 20 пайызы Алматы облысына қоныстанған. Ақмола облысы Моңғолиядан келген иммигранттар арасында танымал орынға айналған.

Жалпы, 2024 жылдың алғашқы үш тоқсанында Қазақстанға 20,4 мың иммигрант (барлық елден) келген, бұл былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5 пайызға артық. Елімізден 10,2 мың адам кеткен, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 20 пайызға аз.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда қандастарды қоныстандырудың жаңа ережелері әзірленген болатын. Енді қандастар мен ішкі мигранттар елді мекеннен тыс жерде жұмыс істей алмайды. Ауысымдық жұмысшылардан басқа. Қоныс аударудың жаңа ережелерін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірледі.

Қазақстандықтар қаржысын қаншалықты сауатты басқарады? 

Ұлттық Банктің 2025 жылғы қорытындылары бойынша келтірген дерегіне сәйкес, қаржылық сауаттылықтың жиынтық индексі 42 пайызды құрады.

Жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды 

Елімізде жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды.

Мемлекет басшысы Әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды 

Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының басшылық құрамымен кеңес өткізді. Мемлекет басшысы ұжымға жаңа Қорғаныс министрін таныстырды.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.